Шерзод Шерматов Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакаламен кездесті

    Бүгін, 20 октябрде Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов IT Parkте Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакаламен кездесті.

    IT Parkте өткен бүгінгі кездесуде ең алдымен, Өзбекстан IT Park тарапынан жүзеге асырылған істер мен болашақтағы жоспарлар туралы тұсаукесер өткізілді.

    Сонымен қатар, мемлекетте цифрлық экономиканың орнын одан әрі арттыру, ІТ салада ынтымақтастық жасау мен Еуропа елдеріне қашықтықтан қызмет көрсету саласыларын жолға қою мәселелері талқыланды.

    Өз кезегінде, келіссөздер кезінде өзара мүдделі серіктестікті кеңейту болашағы жан-жақты талқыланды. Еуропа Одағының құрылымдарымен экономикалық және ақпарат-коммуникациялық технологиялары салаларында көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге назар аударылды.

    Қонақтарға IT Park ғимаратының қызметі және ол жерде бой көтерген ғимараттар таныстырылды. Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Өзбекстанда бұл сияқты өзгерістер мен ІТ саласына бағытталған көңіл бөлуді жоғары бағалады, деп хабарлайды Ақпарат технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.