ШЫҰ Самарқант саммиті Франция бұқаралық ақпарат құралдарының назарында

    Францияның «Club Mediapart» ойлайн-газетінің бетінде «Шанхай ынтымақтастық ұйымы: жаңа «Самарқанттың рухы» атты мақала жарияланды.

    Ағымдағы жылдың 15-16 сентябрь күндері Самарқантта Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өткені, оның бірнеше жылдың ішінде Азияда түрлі бағыттардағы ынтымақтастықтың жағдайы мен даму болашақтарын талқылау үшін маңызды платформаға айналғаны ерекше атап өтілген.

    Мақалада атап өтілгендей, ШЫҰ ең алдымен саяси және экономикалық сипатқа ие, ол біртіндеп кеңейіп, оған 2016 жылы Үндістан мен Пәкістан, 2022 жылы Иран қосылды, деп хабарлайды «Дуне» AA тілшісі.

    «Club Mediapart» онлайн-газетінде Өзбекстанның үстіміздегі жылы ШЫҰ аясындағы іс-әрекеттері аймақтағы, сондай-ақ әлемдегі белсенді сыртқы саясатына сәйкес келетіні атап өтілген. Сондай-ақ ШЫҰ-дағы қызметі арқылы мемлекеттің әсері бірқатар халықаралық ұйымдардағы және халықаралық интеграциялық үдерістері аясында да ықпалы арта түскені атап өтілген.