Шахимарданның кіре берісінде орналасқан «Ақ-қия» кеден пункті енді тәулік бойы жұмыс істейді

    Енді Шахимарданға демалуға барған азаматтар осы кеден арқылы кез келген уақытта өтуіне болады.

    Бұл туралы Кеден комитеті хабарлады.

    Бұл жаңалық Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев пен Қырғызстан Республикасының Президенті Садир Жапаровтың 2024 жылғы 18 шиюль күні Ташкент қаласында өткен кездесуінде қол жеткізілген келісімдер аясында жүзеге асқаны атап өтілді.

    Қырғыз Республикасы Президентінің Өзбекстанға мемлекеттік іссапары барысында тараптар екі елдің шекарасында орналасқан шекаралық кеден бекеттерін тиімді пайдалану мәселесін талқылған болатын.

    Сонымен қатар Өзбекстан мен Қырғызстанның кеден және шекара қызметтерінің басшылары Ферғана облысындағы шекаралық-кеден бекеттерінің қызметін бірге тексеріп, жаңа кеден бекеттерін құру және жұмыс істеп тұрғандарын тиімді пайдалану, сондай-ақ кеден бекеттеріндегі кептелістердің алдын алу жөнінде бар мүмкіндіктері қарастырылды.

    Қорыта айтқанда 2024 жылдың 26 ​​июлінен бастап Ферғана облысы кеден басқармасының «Ферғана» шекаралық кеден бекеті мен Шахимарданға кіре берісте орналасқан «Ақ-қия» кеден пункіті тәулік бойы жұмыс істеу режиміне өткізілді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates