Сапа мен баға үйлесімділігіне ие ұлттық өнімдеріміз «Euro Shoes Premiere Collection 2022» көрмесінде танылды

    Бизнес 31 Avgust 2022 1546

    Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «Euro Shoes Premiere Collection 2022» халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады. Былғары-аяқкиім өнеркәсібі үшін қолайлы бизнес алаңы саналатын бұл көрмеде «Узчармсаноат» бірлестігіне мүше 20-ға жуық кәсіпорын «Made in Uzbekistan» ұжымдық стенді қатысушыларға мыңнан астам өнім үлгілерін ұсынды.

    Аяқкиім бизнесінің өкілдері үшін жылына екі рет ұйымдастырылатын өндірістік шараның маңыздылығы – бұл көрмеге ТМД елдерінің ірі ритейлері мен көтерме сауда өкілдері қатысады. Сондай-ақ халықаралық инвестицияларды тартуда, саланың соңғы тенденцияларымен танысуында, алдағы маусымға ауқымды тапсырыстар қабылдауда дәл осы халықаралық конференцияның алатын орны зор.

    «Euro Shoes Premiere Collection 2022» халықаралық көрмесінің бірінші күнінде біздің жергілікті кәсіпорындар Ресейдің «Мәскеу» көтерме сауда кешенінің өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Жиналыс барысында еліміздің кәсіпорындары шығаратын былғары-аяқкиім бұйымдары мен тері аксессуарларын экспорттау мәселесі қаралды. Айта кету керек, 260 мың метр квадратты алып жатқан сауда кешенінде 50 бағыт бойынша 6500 сауда дүкені, қоймалар, көрме орталығы, көрме залдары орналасқан. Бұл орталықтан жылына 65 000 көтерме сауда өкілдері өнім сатып алады.

    Сұхбат барысында сауда кешенінің өкілдері Самарқант облысында орналасқан «Гранд Файз Барака» жауапкершілігі шектеулі қоғамының маусымдық және спорттық аяқкиіміне, жергілікті кәсіпорындарымыздың былғары сөмкелеріне үлкен қызығушылық танытты. Сондай-ақ олардың сапасы мен бағасының үйлесуі ұлттық өнімдеріміздің Ресей нарығында тез орын алуына мүмкіндік беретіні айтылды. Осы жылдың октябрь айында Ташкентте өтетін «UzCharmExpo-2022» халықаралық көрмесінде екіжақты ынтымақтастық қарым-қатынастарын кеңейтуге қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылауға келісілді.

    Сондай-ақ Ресейлдің «Аналпа» компаниясының өкілімен де диалог жүргізілді. Бұл компания құрамында «KEDDO», «BETSY», «CROSBY», «GRUNBERG» брендтері бар және жыл сайын әлемдік нарыққа жаңа топтамаларды ұсынумен ерекшеленеді. Ресейлік ірі компаниялардың бірі «Аналпа» Өзбекстаннан аяқкиім өнімдеріне шикізат пен дайын былғары сатып алуға мүдделі. Жиын барысында «Hamkor Nur Savdo», «Angren Charm», «Peng Sheng», «Asl Charm» сынды дайын былғары өндіретін компаниялардың өнімдерінің үлгілері ұсынылды.

    Компания үлгілерді техникалық тексеруден өткізгеннен кейін Өзбекстанмен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоятынын хабарлады. Октябрь айында өтетін көрмеге «Аналпа» компаниясы да қатысып, ынтымақтастық мәселелері талқыланады, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    «Euro Shoes Premiere Collection 2022» халықаралық көрмесі 2 сентябрьге дейін жалғасады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates