Шараға Сенаттың Ғылым, білім және денсаулықты сақтау мәселелері, Әйел-қыздар мен гендерлік теңдік комитеттерінің мүшелері, Сенат жанындағы Жастар парламентінің мүшелері, тиісті министрліктер мен кеңселердің басшылары, комитеттің сараптамалық тобының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жаңа Өзбекстанды құрудағы Даму стратегиясының жеті үстем бағытының бірі – әділ әлеуметтік саясат жүргізу және адами капиталын дамыту белгіленген. Мұнда жоғары біліммен қамту деңгейін 50 пайызға жеткізу және білім сапасын арттыру үстем мақсаттардың бірі ретінде көзделген.
Қатысушылар Өзбекстанда білім сапасын арттыру, атап айтқанда, жоғары білім берудің проблемалары мен алдағы міндеттері, білім сапасын бақылау жүйесіндегі бағалау жағдайы, республикадағы әділ және ашық бағалаудың жағдайы сияқты мәселелерге тоқталды.
Соңғы жылдары жоғары білім беру жүйесінде студенттеріміздің білім алуына мол мүмкіндіктер мен қажетті жағдайлар жасауға басты назар аударылуда. Соның нәтижесінде соңғы 7 жылда жоғары оқу орындарының саны 77-ден 210-ға дейін көбейіп, оларға қабылдау 3,5 есеге артты. Жастарды жоғары біліммен қамту деңгейі 9 пайыздан 39 пайызға дейін өсті.
Атап өткендей, жастарға сапалы білім беру мен білім сапасын қадағалау, әйел-қыздардың жоғары білім мен кәсіп-өнер иелеуіне барынша жағдай жасау бағытында оңды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жастарды білімге тарту аясының ұлғаюымен қатар, сапалы білім беру жүйесін жетілдіруде байқалған кейбір мәселелер өз шешімін күтуде.
Сонымен қатар, педагогика саласындағы жоғары оқу орындарын зерделеу барысында педагогикалық кадрлар даярлау бойынша студенттердің мамандық пәндерінен білім, дағды және бліктіліктері мемлекеттік білім стандарттарына сай болуы үшін оларға педагогикалық компетенттілікті дамытатын іс жүзіндік пәндердің жетіспейтіні белгілі болды.
Профессорлар-оқытушылардың кәсіби және іс-жүзіндік дағдыларын жетілдірудің заманауи әдістерін енгізуде баяулыққа жол берілуде. Профессорлар мен оқытушылардың кәсіби білімі мен компетенцияларын халықаралық стандарттар негізінде аттестациядан өткізу жолға қойылмаған.
Талқылау барысында дөңгелек үстел қатысушылары озық шетелдік тәжірибені қолдап, барлық мүмкіндіктерден үнемді пайдаланып, еліміздегі жастарға білім беру мен білім сапасын бақылау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар берілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.