Тарих үшін  23 жыл онша үлкен  мерзім болмауы мүмкін. Дегенмен адам өмірінде бұл кезең ерекше орын иелейтіні сөзсіз. Сырдария ауданы,  «Әділет» махалласының тұрғыны Әбдіғани ағаның отбасында 23 жыл бұрын қыз дүниеге келді. Оған жақсы ниетпен Гулрух деп ат қойды. Бірақ ата-ана күнделікті тәшпіштермен болып, перзентіне  туу туралы  куәлікті алуға мән бермеді. Есейіп  кемелге келген Гулрух паспорт алуда да қиындыққа кезікті.

— Баланың туылғанын ресми растайтын құжат, яғни «туу туралы куәлік» АХАТ бөлімі тарапынан жазылады. Баланың туылғанын тіркеу мәжбүри болып, ата-ана өз уақытында АХАТ органына  өтініш жасауы керек, — дейді Сырдария аудандық 2-санды АХАТ бөлімінің инспекторы М.Каримова. – Бірақ, салғырттық салдарынан туу жағдайы арадан 23 жыл өтіп ресмилендірілді.

Бүгін Гулрух Аучинованың қуанышы шексіз, 23 жасында «метрикалы» болды, енді азаматтық паспортын алады.

Мемлекеттік қызметтер агенттігінің Сырдария облыстық басқармасы

Жұртшылық және БАҚ-пен байланыстар бөлімі