Осы қаулыға сәйкес, 2023 жылдың 1 октябрінен бастап кәсіпкерлерге мөлшері 10 миллион сумнан жоғары болған салыққа қатысты құқықбұзушылықтар үшін, егер кәсіпкерлік субъекті құқықбұзушылықты жоққа шығарса, қаржылық санкцияларды тек сот тәртібімен қолдану тәжірибесі орнатылады.

2024 жылдың 1 январьдан төмендегі тәртіптер енгізіледі:

ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге  өнімді сақтандыруда сақтандыру сыйлықақысының 50 пайызы мөлшерінде субсидия беру;

«Ғылыми-зерттеу және дамыту» орталықтары үшін олар құрылған күннен бастап 3 жыл мерзімге мүлік салығы мен жер салығы бойынша есептелген сумманың 1 пайызын төлеу, ал олардың қызметкерлері үшін әлеуметтік салық төлемін 1 пайыз мөлшерде есептейді;

мемлекеттік үлес  50 пайыздан жоғары болған ұйымдар әр жылы іске асыратын инвестициялық жобалар құнының кемінде 5 пайызын облигациялар шығару арқылы қаржыландыру.

2024 жылғы 1 январьдан жеке және заңды тұлғаларға ҚҚС-ты толық қайтару жүйесі төмендегілер есебінен кеңейтілетін болады:

шетелдік туристерге – Өзбекстанның халықаралық әуежайларында Өзбекстанда сатып алынған және «Tax free» жүйесі  ресмилендірілген өнімдер үшін;

туроператорларға - шетелдік контрагенттермен жасалған шарттар шеңберінде көрсетілетін экспорттық қызметтер үшін.

2023 жылғы 1 ноябрьден бастап:

оң экологиялық сараптама қорытындысын алмаған нысандарына қатысты қаржыландыру, несиелендіру және басқа да қаржылық операцияларды тоқтату механизмі енгізіледі;

экологиялық құқықбұзушылықтар жасаған тұлғаларға келтірілген зиянды өтеумен қатар, бүлінген табиғи объектіні қалпына келтіру және белгілі бір мерзімде оның қорғалуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.

2024 жылдың 1 январынан:

республиканың ұзақ мерзімді су балансын болжамын жүргізу, су ресурстарын үнемдеу бағдарламаларын қабылдау тәжірибесі жолға қойылады;

Қарақалпақстан Республикасы және Хорезм облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілерге суды үнемдейтін технологияларды енгізу үшін несиелер 10 пайыз ставкада (пайыз ставкаларын субсидиялау есебіне) бөлінеді.