SPECA елдері дамуының басым бағыттары белгіленді

    Үстіміздегі жылдың 17 апрелінде Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов БҰҰ-ның Орталық Азия елдері мен Әзербайжан Республикасына арналған арнайы бағдарламасы (SPECA)-ға мүше елдер министрлерінің бейнеконференцбайланыс түрінде өткен жиналысқа қатысты.

    Лазиз Кудратов өз сөзінде, аймақ елдері арасындағы берік байланысқа тоқталып, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, мәдени құндылықтардың жақындығын айтты. Өзбекстанның соңғы жылдарда жүргізіп жатқан белсенді сыртқы экономикалық саясатымен симбиозда бұл жақындық сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда айтарлықтай нәтиже берді.

    Атап айтқанда, соңғы жылдары Өзбекстан мен SPECA-ға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымының көлемі екі есеге өсіп, 9,2 миллиард долларды құрады. Өзбекстанда аймақ елдерінде жұмыс істейтін кәсіпорындармен ынтымақтастықта ұйымдастырылған біріккен кәсіпорындар саны 2017 жылдан бері бес есеге өсіп, 2212-ге жетті.

    Қатысушылардың назары аймақ елдерінің сауда-экономикалық әлеуетіне, бай табиғи және адам ресурстарына, қолайлы географиялық орналасуына аударылды. Осы тұрғыдан алғанда, бұл әлеуетті жүзеге асырудың бірқатар басымдықтары алға қойылды. Олардың арасында бәсекелестік үстемдіктерді пайдаланып, өзара тауар айырбастауды көбейту үшін қолайлы жағдайлар жасау, барлық сауда кедергілерді жою, техникалық регламенттерді жеңілдету, кеден және шекаралық тәртіп-ережелерін цифрландыру бастамалары орын алды.

    Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бастамаларды ілгерілету бойынша ЭСKATO тұрақты ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығының іс-әрекеттерін қолдап-қуаттауды күшейту ұсынылды. Сонымен қатар, көлік дәліздерін әртараптандыру және БҰҰ стандарттарын қолдана отырып, Транскаспий көлік дәлізі бойымен мультимодальды ақпаратты және құжат алмасуды цифрландыру бойынша «Жол картасын» қабылдау мәселелері талқыланды.

    SPECA аумағы үшін БҰҰ-ның Адам қауіпсіздігі бойынша көпжақты Траст қорын құруды жеделдету және жасыл экономикаға өту, қайта тіктелетін және сутегі энергетикасын дамыту стратегиясын іске асыру маңыздылығы атап өтілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.