Онда омыртқа бұлшықет атрофиясына шалдыққан балаларды қолдап-қуаттау бағдарламасының жүзеге асырылуы және онкология саласындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
Кездесуге компанияның Орталық және Шығыс Еуропа, Түркия, Ресей, Үндістан субконтинентінің басшысы Адриано Треве, Қазақстандағы өкілеттігінің басшысы Тойлэн Сенел, Албаниядағы өкілі Анна Савинкина, сондай-ақ «Roche» компанияның Өзбекстандағы серіктестері Ольга Черных пен Шахида Сорбатти қатысты.
Жоғарыда айтылғандай, «Roche» әлемдегі ең ірі биотехнологиялық компаниялардың бірі болып табылады және АҚШ, Германия, Швейцария және Сингапурда өндірістік қуаттары бар. Бұл онкология, иммунология, жұқпалы аурулар, офтальмология және орталық жүйке жүйесі аурулары үшін әртараптандырылған дәрі-дәрмек өндіруші және «in vitro» диагностикалық, жасушаларға негізделген обыр диагностикасының жетекші провайдері саналады.
Кездесу кезінде министр Амрилло Иноятов ұйым өкілдеріне кең ауқымды және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты, сонымен қатар осы компания шығаратын дәрілерді аумақтық локализациясы елімізде ұйымдастырылуы ұсынылды.
Елімізге биотехнологияға негізделген өндірістің енгізілуі фармацевтика өнеркәсібіндегі үлкен оқиғаға айналатыны сөзсіз. Ол үшін бірнеше жылдық дайындық пен берік материалдық-техникалық базаны қалыптастыру қажет дейді компания мамандары. Келіссөздер алдағы уақытта да жалғасын табады.
Кездесу соңында жұлын-бұлшықет артофиясы бар балаларға генетикалық препараттарды сатып алу бойынша меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.