Елімізде туберкулезбен ауыратындарды емдеудің тиімділігі 91 пайызға жетті

    Денсаулық 20 Oktabr 2022 1585

    Бүгін астанамызда «Өзбекстан фтизиатриясының негізі – профилактика, диагностика және емдеудегі инновациялардың жаратылуы және болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-іс жүзіндік конференция өз жұмысын бастады.

    Шараға Денсаулық сақтау министрінің орынбасары У. Сабиров, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропаның аймақтық бюросы, «Шекара білмейтін дәрігерлер» халықаралық қайырымдылық ұйымының Лондондағы кеңсесі, Туберкулезді тоқтату, «Stop-TB Partnership» ұйымы, АҚШ Халықаралық Даму Агенттігі (USAID), СПИД, туберкулез және безгекке қарсы күресу жөніндегі Жаһандық қорының өкілдері, фтизиатрия және пульмонология саласына мамандандырылған медициналық мекемелердің мамандары қатысуда.

    Конференцияның ашылу салтанатында атап өтілгендей, Өзбекстанның фтизиатриялық қызметінің тура бір ғасырлық тарихы бар. Әсіресе, соңғы жылдары жүйелі профилактикалық шаралардың нәтижесінде елімізде туберкулез, гепатит және осыған ұқсас эпидемиологиялық аурулармен ауыратындар айтарлықтай азайды.

    Атап айтқанда, бүгінде әлем көлемінде дәріге сезімталдық туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігі 85 пайызды құрайды. Біздің елде бұл көрсеткіш 91 пайызға тең. Әрине, мұндай оңды өзгерістерге жай ғана қол жеткізілмейді.

    Атап айтқанда, Республикалық фтизиатрия және пульмонология ғылыми-іс жүзіндік медициналық орталығы елімізде осы қызметті жетілдіруге, туберкулезбен және созылмалы спецификалық емес өкпе ауруларына қарсы күресу, оларды ең заманалық әдістерге негізделген тиімді емдеуге қызмет ететін жетекші ғылыми мекеме саналады.

    Мойындау керек, бұрын бұл дертке шалдыққан науқастар 8-10 ай емханада емделсе, бүгінде бұл үдеріс орта есеппен 60 күнге созылады. Сондықтан орталық мамандары емдеу үдерісінде жоғары технологияларға негізделген озат хирургиялық процедураларды сәтті орындап келеді.

    Конференцияда қауіп-қатер тобына жататын тұрғындарды, атап айтқанда, бала туу жасындағы әйелдер мен жасөспірім қыздарды тұрақты түрде флюорографиялық тексеруден өткізу елімізде туберкулезбен сырқаттанушылықты 2 есеге төмендетуге және осы аурудан өлім жағдайлары 6 есеге азайғанына қызмет ететіні баса айтылды.

    Сондай-ақ шарада Денсаулық сақтау министрлігі «Шекара білмейтін дәрігерлермен” бірге осы дертті емдеуде ең соңғы ғылым-білім жетістіктерін пайдалана отырып, қысқа, тиімді әрі қауіпсіз жаңа бағдарламаны жүзеге асырып жатқанын хабарлады. Бұл жаңа жоба SMARTT (рифампицинге төзімді туберкулезге арналған алты айлық пероральді режимдер) деп аталады және әлемнің бірнеше елдерінде өткізіледі.

    Айта кету керек, мұндай емдеудің мерзімінің ұзақтығы екі жыл немесе одан да көп емес, тек алты ай ғана. Бір қуантарлығы, елімізде жүргізілген клиникалық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл емдеу режимін өзінің жаңартылған емдеу нұсқаулығына енетінін жариялады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    Конференция өз жұмысын жалғастырады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates