Сот-құқық мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің қызметі қорытындыланды

    Ел назарында 20 Yanvar 2023 1480

    Үстіміздегі жылдың 19 январында Олий Мажлис Сенатының Сот-құқықтық мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комитетінің кезекті мәжілісі өтті. Онда Комитеттің 2022 жылғы қызметі туралы жұртшылыққа ақпарат берілді.

    Атап өткендей, Комитет заңдылыққа, бақылау-талдау жұмыстарына, жер-жерлердегі тұрғындарды іинаәан проблемаларды оң шешуге және оларға іс жүзіндік көмек көрсетуге, өтініштерді уақтылы қарауға, көшпелі қабылдауларды ұйымдастыруға назар аударды.

    Атап айтқанда, Комитет мүшелері тарапынан жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жалпы 2 800-ден астам өтініш қаралды. Жер-жерлерде көшпелі қабылдаулар өткізіліп, 5 мыңнан астам азаматтың проблемасы тыңдалды. Көптеген азаматтарға құқықтық түсіндірмелер және заң кеңестері берілді.

    Отбасы жағдайына байланысты материалдық көмек сұраған, жалақыны өндіруге немесе несие қаражатын бөлінуінде және әлеуметтік мәселелерде іс жүзіндік көмек сұраған өтініштер бақылауға алынып, оң шешімін табуда. Комитет мүшелерінің іс-әрекеттері мен алимент өндіруге қатысты 100-ден астам өтініштер зерделеніп, алимент ақшасы өндіріліп берілген.

    Комитет тарапынан жалпы 18 сенатор сұрауы жіберілген. Аумақтардың мүддесіне қатысты 50-ге жуық мәселе қаралған, соның 30-ға жуығы заңдарды құрайды.

    Сондай-ақ, Комитет бірқатар заңдардың атқарылуы жағдайы, құқықты қолдану тәжірибесі мен заңасты құжаттардың қабылдануы туралы мониторинг өткізіліп, оларды жетілдіруге қаратылған 30-дан астам ұсыныстар даярланды және Сенатор Кеңесінің талқылауына енгізілді.

    Сенаттың прокуратура органдары қызметі үстінен бақылайтын комиссия тарапынан аумақтарда прокуратура қызметі үстінен парламенттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында үйренулер мен шаралар өткізілді.

    Заңдардың нақты және біркелкі орындалуын бақылау туралы Бас Прокурордың есебі, құқықтық насихаттау мен ағартудың жағдайы және норма шығармашылығы қызметі бойынша әділет министрлігінің ақпараты, Олий Мажлис Адам құқықтары бойынша өкілі (Омбудсманның) қызметі туралы есебі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі директорының ақпараты тыңдалды.

    Сондай-ақ, 40-қа жуық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда тұрғындардың өтініштерімен жұмыс жасаудың жағдайы үйреніліп, анықталған кемшіліктерге қатысты тиісті ұсыныстар берілген.

    Мәжілісте онлайн режимде қатысқан аумақтардан сайланған сенаторлар да атқарған іс жүзіндік істері туралы мәлімет берді. Мұнда әсіресе, аумақтардағы азаматтардың мүддесіне байланысты мәселелер, шешілген әлеуметтік саладағы проблемаларға ерекше назар аударылды.

    Мәжіліс соңында Комитеттің қаулысы қабылданып, онда ағымдағы жылдың үстем бағыттары белгіленді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates