Оған Сұрхандария облысының Туризм және спорт бас басқармасының, облыстық ІІМ қауіпсіз туризмді қамтамасыз ету, миграция және азаматтықты ресімдеу басқармасының, сондай-ақ өлкедегі туристік нысандар, туристік агенттіктер, қонақүйлер мен таксидің қызмет көрсету ұйымдарының жауапты қызметкерлері қатысты.

Пандемия кезінде саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жергілікті және шетелдік саяхатшылар ағынын көбейтуге, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған шараларда өлкенің бай туристік әлеуеті туралы пікір алмасылды. Қонақүйлер мен туристік нысандарды белгіленген тәртіп негізінде заманалық жиһаздармен жабдықтау бойынша да тиісті ұсыныстар берілді.

Бүгінгі таңда облыста 101 туристік нысан бар, соның ішіндегі 49-ы қонақүй, 141 отбасылық қонақүй, 9 хостел қызмет көрсетуде. Жергілікті және шетелдік саяхатшыларға 40 туристік фирма қызмет көрсетеді.

Қазір ІІМ Қауіпсіз туризм департаментіне жаңа ғимарат салынып жатыр. Заманалық үлгідегі ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін «Call-орталық» құрылып, туристік нысандардың бақылануы интеграцияланады.

Шарада саяхатшыларды орналастыру және көлік қызметін көрсету мәселелері де айтылды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.