Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Сұрхандария облыстық әкімдігі, тағы басқа да бірқатар ұйымдардың ұйымдастыруымен өтетін фестивальге тыңғылықты дайындалуда.
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің үстіміздегі жылдың 7 февралінде «Байсын көктемі» халықаралық фольклорлық фестивалін ұйымдастыру және өткізу іс-шаралары туралы» қаулысына сәйкес, дәстүрлі фестивальде елімізде қызмет көрсетіп келе жатқан фольклор ұжымының 200-ден астам өкілі өз аумақтарына сай киім-кешектерімен және ән-күйлерімен фестивальге белсене қатыспақ.
Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптейтін мереке аясында ұлттық күрес, этноспорт, веломарафон, серке-көкпары, батпырауық ұшыру, арқан тарту, шіллек ойыны және т.б. халық ойындарына да кең орын берілген.
Фестиваль соңында ең жақсы фольклорлық-этнографиялық және ең жақсы отау үй құрған командалар, спорт және халықтық ойындардың жеңімпаздары марапатталады.