20 тамыз күні Жаңа Ташкентте осы марапаттарды тапсыру салтанаты өтті.

Президент Шавкат Мирзиёев жиналғандарды Кәсіпкерлер күні және келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

– Бүгінгі салтанатта елдің озық кәсіпкерлері және қоғамдағы ең озық өкілдермен жүздесіп тұрғаныма қуаныштымын. Бұл салада үлкен реформаларды бастағанда, әрі экономистерде, әрі кәсіпкерлердің өзінде белгілі бір қорқыныш болған еді. Бірақ біз сеніммен, жігермен мүмкіндіктер жасаудан тоқтаған жоқпыз. Жауапты басшыларды кәсіпкерлерді тыңдауға мәжбүр еттік. Бұл өз нәтижесін берді, мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы сенім арта түсті. Бүкіл қоғам кәсіпкерге дос болды, – деді Шавкат Мирзиёев.

Мемлекет басшысы еліміздің кәсіпкерлері жаңа идеялары мен бастамалары арқылы барлық салаларды алға сүйреп келе жатқанын, олармен бірге ірі-ірі бағдарламалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

– Біз кәсіпкерлікке жағдай жасадық, ал олар мемлекетке қолдау көрсетті. Өткен 4–5 жылда 7,5 миллион халық жұмыспен қамтамасыз етілді. Биылдың өзінде 3 миллионнан астам жұмыс орны ашылды. Инвестициялық және іскерлік ортаны жақсартпағанда, мұндай нәтижелер болар ма еді, – деді Президент.

Әрине, мұның бәріне кәсіпкерлерсіз қол жеткізу мүмкін емес еді. Бүгінде экономиканың түрлі салаларында, әсіресе ауылдарда халықтың табысын арттыруда олар қозғаушы күшке айналды. Жүз мыңдаған жастар мен қыз-келіншектерді кәсіпке баулу, мамандыққа үйрету тәжірибесі де кәсіпкерлермен серіктестіктің жемісі екені айтылды.

– Елімізде кәсіпкерлер мен іскерлердің жаңа буыны қалыптасқаны – бұл біздің үлкен байлығымыз әрі жетістігіміз, – деді Президент. – Өйткені әр кәсіпкер өз соңынан ондаған адамды ертіп, оларға кәсіп үйретеді, жұмыс пен табыс береді, қоғам өміріне жаңалық әкеледі. Сіздерді Жаңа Өзбекстанның қаһармандары десек, әбден лайық.

Мемлекет басшысының бастамасымен қалыптасқан игі дәстүрге сәйкес, жыл сайын үздік кәсіпкерлер Еліміздің жоғары наградаларымен марапатталып келеді. Биылғы таңдауда өз саласында көпке үлгі болып, нақты нәтижелерге жеткен, өндіріс пен экспорт арқылы аймақтар мен бүкіл елдің дамуына лайықты үлес қосқан кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінді.

Салтанатты шарада Мемлекет басшысы осы марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Марапатталған кәсіпкерлер Мемлекет басшысына салаға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны және еңбектеріне жоғары баға бергені үшін алғысын білдірді.

Шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, зиялы қауым қатысты.