- Мен бүгін осы залда және жер-жерлердегі студияларда қатысқан жүздеген кәсіпкер жастар мен апа-сіңлілерімді көріп тұрғанымнан өте қуаныштымын.

Біз екі жылдың ішінде, тек әйел-қыздар мен жастар кәсіпкерлігін дамытуға 500 миллион доллар қаржы бағыттадық. Оларды өз бизнесін бастауы, сонымен бірге кәсіп пен кәсіпкерлікті  тиянақты үйренуіне  барлық жағдайлар жасалды.

Соңғы 5 жылда жас кәсіпкерлер 5 есеге көбейіп, олардың саны 500 мыңнан асты. Кәсіпкер әйелдер мен жастар қатарын  одан әрі кеңейту, оларды жан-жақты қолдап-қуаттау,  бұдан кейін де экономикалық саясатымыздың ең үстем бағыттарының бірі болып қалады, — деді Президент.

Мемлекетіміздің басшысы белсенді әрі жанкүйер кәсіпкерлердің кейбіреулерін тілге тиек етіп, халқымызға медет болғандығы үшін оларға  алғыс білдірді.

- Біз әрдайым ізденіп, жаңалыққа ұмтылып жасайтын кәсіпкерлерімізді, өз жұмысына адал әрі жанкүйер, отансүйгіш адамдар деп білеміз және оларды қадірлейміз.

Әсіресе, қиын пандемия кезіндегі сынақ және қиыншылықтарда да халқымызға медет болып, өз бизнесін сақтаумен бірге жаңа жұмыс орындарын ашып, мұқтаждарға көмек беріп жатқаны және өндірісті және экспортты арттырған кәсіпкер достарыма бүгін шын жүректен рақмет айтамын.

Міне осындай белсенді әрі жанкүйер кәсіпкерлердің 100-не терең алғысымның рәмізі ретінде бірінші рет Өзбекстан Республикасы Президентінің  алғыс  хатына  қол қойдым.

Осы сәттен пайдаланып, міне осындай алғысқа ие болған жанкүйер, отансүйгіш, саховатпеша және қайратты кәіпкерлер мен іскерлерге қайтадан терең алғыс білдіремін және сіздердің қатарыңыз, бүкіл еліміз бойлап, күнсайын артуына сенемін, — деді Президент.