Сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттырудағы жергілікті Кеңестердің үстем міндеттері талқыланды

    Ел назарында 29 Sentabr 2022 1695

    Үстіміздегі жылдың 29 сентябрінде Олий Мажлис Сенатының Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм мәселелері комитеті тарапынан Инвестициялар және сыртқы сауда, сондай-ақ Сыртқы істер министрліктерімен ынтымақтастықта Халық депутаттары жергілікті кеңестердің хатшылығының меңгеруш,лер, және жауапты т.рақты комиссиялардың төраіалары мен мүшелері үшін оқу-семинар ұйымдастырылды.

    Онда тиісті министрліктер, жергілікті кеңес депутаттары тарапынан аумақтарда сыртқы экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыру және өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту қызметіне қатысты сын-ескертпелерге пікір білдіру практикасы мен өзара ынтымақтастықты күшейту мәселелері бойынша қажетті теориялық негіздер мен практикалық тәжірибе туралы жан-жақты ақпарат берілді.

    Сонымен қатар, семинарда еліміздің кейбір өңірлерінде шетелдік инвестицияны жұмылдыратн жобалардың жоқтығы, озық экспорттық технологиялардың өндіріс үдерісіне озық экспортқа қабілетті технологиялар жеткіліксіз енгізіліп жатқаны, оларға кедергі келтіретін факторларды жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

    Атап айтқанда, депутаттар мен кәсіпкерлер арасындағы тығыз тұрақты байланыс алаңының жүйелі жұмыс істемейтіні, жобалар мен соған байланысты өзекті мәселелердің тұрақты комиссиялар мен кеңестер отырыстарында қызу талқыланбайтындығы сынға алынды.

    Ашық әрі қызу өткен пікірталас барысында жергілікті Кеңес депутаттары өзекті және іс жүзіндік пікірлерін білдірді.

    Атап айтқанда, экспорттық үдерістердің тиімділігін арттыру және түптеп келгенде жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыруға бағытталған жүйелі шараларды қарастыру, шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту қажеттігіне ерекше назар аударылды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates