Шараға Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Музаффар Мадрахимов, АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) Өзбекстандағы миссиясының директоры Дэвид Хоффман, Жоғары білім беру, ғылым және инновация министрлігінің өкілдері, Мектепке дейінгі және мектепке білім беру министрліктері, «Эл-юрт умиди» қоры және Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері қатысты.
АҚШ өкілдері ғылым мен білім саласындағы ағымдағы жобаларды және осы саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің қысқа мерзімді жоспарларының тұсаукесерін өткізді.
Кездесу барысында білім беру жүйесін реформалау, адами капиталды нығайту, ағылшын тілін оқытуды қолдап-қуаттау, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша жобаларды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-техникалық жақтары жөнінде жан-жақты пікір алмасылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.