Шарада сөз сөйлеген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың басшылығымен сөз және баспасөз еркіндішін қамтамасыз етуге, ақпарат саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға, мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен жариялылық қағидаттарын нығайтуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Журналистерді кәсіптік мерекемен құттықтап, В.Норов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері еліміздегі демократиялық құндылықтарды орнықтыруда, азаматтарды әлемде және елімізде болып жатқан үдерістер мен оқиғалар туралы хабардар етуде маңызды орын иелейтінін тілге тиек етті.
Өзбекстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өз қызметiнде ашықтық және жариялылық қағидаларын қатаң ұстанатынын атап өттi. Сыртқы саясат кеңселерінің БАҚ өкілдерімен конструктивті диалог жүргізуге, СІМ құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша БАҚ-пен тығыз жұмыс істеуге, Өзбекстан дипломатиясы туралы бейтарап және сенімді ақпарат беруге дайын екендігі атап өтілді.
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырында сыртқы саясатқа қатысты тақырыптарды жарялауға маманданған тәжірибелі журналистер арасынан «Сарапшылық топ» құру жоспарланып отырғаны жарияланды. Сондай-ақі жаһандық және аймақтық саясаттың өзекті мәселелері бойынша БАҚ үшін тренингтер мен семинарлар өткізу де көзделген, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Өзбекстандағы реформалар мен елдің сыртқы саясатын белсенді жариялағаны үшін бірқатар ұлттық және шетелдік журналистерге алғыс хат тапсырылды.