Татарстандық серіктестікпен бірлескен жобаларды алға тартуды жеделдету іс-шаралары талқыланды

    21 январьда Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков Өзбекстанда үш күндік іссапармен болып тұрған Ресей Федерациясының ірі аймақтарының бірі – Татарстанның, оның министрліктері мен кеңселері, сала және ғылыми-білім мекемелері басшылары мен іскерлер аясындағы өкілдер құрамындағы делегацияны қабылдады.

    Шараға Ресей Федерациясының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі О.Мальгинов та қатысты. Кездесуге Өзбекстанның тиісті серіктестері – министрліктер мен кеңселердің басшылары да қатысты.

    Айта кету керек, сапар барысында делегация мүшелері бірқатар министрліктер, кеңселер, ғылыми орталықтар мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, соның ішінде Ташкент облысындағы “Чирчик-Химград” индустриалды паркін, Ташкент қаласындағы “IT-паркті” және басқа да нысандарды аралады. Сапар барысында министрліктермен, өндірістік кешендердің басшыларымен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өтті.

    Қонақтар өндіріс үдерісімен танысты, қолданылатын технологиялар туралы толық ақпарат алды, өнім үлгілері көрсетілді, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ресейлік делегация біздің елімізде өндірісті ұйымдастыруда кластерлік тәсілді қолдануға үлкен қызығушылық танытып, жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті тауарларды өндіруде бұл тәсілдің артықшылықтарын атап өтті.

    Делегация мүшелері Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтардың тауар өндірушілері арасында өндірістік кооперацияны орнату үшін маңызды мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

    Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде өткен кездесуде сапар соңында қорытынды жасап, қол жеткізілген келісімдер қаралды және әзірленіп жатқан бірлескен жобалар мен бағдарламалардың ағымдағы жағдайы жан-жақты зерделенді.

    Біріккен бастамаларды өмірге енгізудің ісжүзіндік жақтары талқыланып, химия және автомобиль жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, медицина, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты салалардағы жобалар портфелін қаржыландыру көздері, мерзімдері мен орындаушылары талқыланды, деп хабарлайды Инвестициялық және сыртіы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates