Халықаралық Форум жұмысына Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетінің төрайымы М.Қадырханова да онлайн режимде қатысты.
Сенатор өз баяндамасында бүгінде су проблемасы Орталық Азия елдері, сонымен қатар Өзбекстан үшін су мәселесі өте өзекті болып отырғанын және аймақтың тұрақты дамуына үлкен экологиялық қатер төндіретін Арал теңізінің құрып қалуы, осы проблемаларды шешуде Орта Азия елдері мен халықаралық серіктестердің іс-әрекеттерін бірлестіру заман талабы екенін айтып өтті.
М. Қадырханова халықаралық қоғамдастықтың бұл жөнінде Өзбекстан республикасының Президенті Ш.Мирзияевтың бастамасын қолдап-қуаттап жатқаны, атап айтқанда, БҰҰ-ның Арал өңірінде адам қауіпсіздігі бойынша көп серіктестік Траст қорының құрылуы, Арал өңірін экологиялық иновациялар мен технологиялар аймақ деп жариялау туралы арнайы резолюцияның қабылдануын өте маңызды оқиға болғанына айрықша атап өтті.
Форумда осындай жаһандық мәселелерді шешу, саланың құқықтық негіздерін жетілдіру, климаттың өзгеруі мәселелері бойынша қаулылар қабылдауда әйелдер қатысуын арттыру, олардың жер, су және биологиялық ресурстардан еркін пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту шараларын қарауда әйел парламент мүшелерінің де белсенді қатысуына назар аударылды.
Айта кету керек, бұл конференция биыл 6-9 июнь күндері Душанбе қаласында өткізіліп жатқан « 2018-2028 жылдарда «Су тұрақты даму үшін» халықаралық іс-әрекеттер онжылдығы Екінші жоғары деңгейдегі конференциясы аясында өтті.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.