Тұсаукесерлерде төмендегі мәліметтер берілді: егер 2017 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен құны 18 миллион долларды құрайтын 17 жоба іске асырылып, 800 жұмыс орны ашылған болса, 2021 жылға келіп 12 мың жаңа жұмыс орны ашылған, жалпы құны 202 миллион долларды құрайтын 112 жоба іске асырылды.  Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2026 жылға дейін құны 1 миллиард доллардан асатын 555 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, нәтижесінде 50 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Өндіріс көлемі де осындай өсу үрдісін көрсетті. 2017 жылы 760 миллиард сумға, 2021 жылы 4,4 триллион сумға былғары және аяқ киім өнімдері өндірілді. 2026 жылы 18,6 триллион сумдық өнім түрін өндіру жоспарлануда. Экспорт бойынша да өсім байқалады. 2017 жылы сыртқы базарға 105 миллион доллардың тауары шығарылса, 2021 жылы 421 миллион доллардың тауары жеткізілді. 2026 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары 1,2 миллиард доллардың өнімін экспорттамақшы.

Былғары-аяқ киім және жүн елтірі өндіру өнеркәсібін дамыту болашағын егжей-тегжейлі талдау барысында жоғары сапалы шикізатты сатып алу, өндіріс үдерісін оңтайландыру, кластерлерде, шағын өнеркәсіптік аймақтарда жобаларды іске асыру бойынша мәселелер мен ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, өнім экспортын ұлғайту, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру, өзбекстандық кәсіпорындарының мамандандырылған халықаралық көрмелерге қатысуы, саладағы инновациялық жобаларды қаржыландыру, елімізде және шетелде ірі көтерме сауда орталықтарын құру тақырыптарына тоқталды.

Талқылаудан кейін Бірлестік басшылығына айтылған мәселелерді жан-жақты зерделеу және саланы кешенді дамыту бойынша алдағы шараларды қарастыру тапсырылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.