Ферғана облысының әкімі Хайрулло Бозоров, облыс делегациясының Түркияға сапары аясында Стамбулда Terminal Yapi компаниялары тобы басқару кеңесінің төрағасы Мехмет Делимоллаоглумен кездесіп, Ферғана халықаралық әуежайын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жаңғырту және басқару мәселелерін талқылады.
Басқа салалардағы ірі жобалармен қатар, осы уақытқа дейін әлем бойынша 40 әуежайдың құрылысы мен жаңғыртылуына қатысқан, Кипрдегі Эржан халықаралық әуежайын басқаруын жүзеге асырып жатқан Terminal Yapi компаниялар тобы Ферғана халықаралық әуежайын өз басқаруына қабылдап, екі басқышта инвестициялық жобаны жүзеге асыру, мұнда қону жолы мен электр жүйесін жаңалау, қолданыстағы терминалды қайта құру және кеңейту, екінші басқышта ұшу-қону жолағын кеңейту және жаңа терминал салу, бес жыл ішінде әуежайдағы жылдық жолаушылар ағымын 3 миллион адамға жеткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ жоба аясында әуежайда 200 тонналық жеміс-көкөніс сақтайтын тоңазытқыш қоймасын салу және заманалық жүк терминалы қызметін ұйымдастыру да көзделген. Бұл ретте жоба аясында Ферғана халықаралық әуежайында авиация мамандарын даярлау білім орталығын ашу да жобада орын алған.
Жобаға бірінші жылы 15 миллион доллар, алдағы үш жылда 45 миллион доллар, жалпы сомасы 60 миллион доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылады деп күтілуде.
Хайрулло Бозоров, елімізде әуежайларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде реконструкциялау, жаңғырту, пайдалану және басқару жобаларын жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар белгіленгенін атап өтіп, Ферғана өлкесі үшін үлкен маңызға ие болған осы жобаны қысқа мерзімде жауапты органдармен ынтымақтастықта қарау және оны жүзеге асыру бойынша жан-жақты көмектесуге дайын екендіктерін айтты.
Terminal Yapi компаниялар тобы Ферғана облысының энергетика саласындағы, сондай-ақ күн немесе геотермалдық электрстанцияларын салу сияқты жобаларды жүзеге асыруға, ірі жылжымайтын мүлік пен тұрғын үй кешендерін құруға, мұнай-газ және химия салаларына инвестиция салуға және заманалық технологияларды енгізуге үлкен қызығушылық танытты.
Хайрулло Бозоров, Түркияның оңтүстік-шығысы аумағында Стамбулдан 1000 шақырым жерде орналасқан Шанлиурфа қаласына барып, Terminal Yapı компаниялар тобы тарапынан 2013 жылы құрылып, пайдалануға берілген Şanlıurfa GAP әуежайын көрді.
Жоба құны —163 миллион долларды құрайтын осы әуежайдағы жабық ғимараттар — 25 мың шаршы метрді, ал ашық бетон төсеніші — 650 мың шаршы метрді құрайды.
Әуежайда ұзындығы 4000 метр, ені 60 метрлік ұшу-қону жолағы салынған. Жобада аясында такси жолдары, көлік тұрағы, сыйымдылығы 100 тонна тоңазытқыштар сақтайтын жеміс-көкөніс қоймасы, жүктер мен жолаушыларға арналған терминал ғимараттары, әуежайдың бақылау мұнарасы, күзет, өрт сөндіру және кеден қызметтері құрылып, пайдалануға тапсырылды, деп хабарлайды Ферғана облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі.