Өзбекстанда халықты жұмыспен қамту өзекті мәселелердің бірі. Экономикалық реформалар болсын, аймақтық бағдарламалар болсын, барлығының өзегінде жұмыс орындарын ашу, халықтың тұрмысын жақсарту мақсаты жатыр.
Соның нәтижесінде кейінгі жылдары 2,4 миллон адам өзін-өзі жұмыспен қамтыды. 2 миллионға жуық адам кедейліктен шығарылды. «20 мың кәсіпкер және 500 мың білікті маман» бағдарламасы аясында 455 мың адамды жұмыспен қамтуға келісім-шарттар жасалды. Махалла негізде 51 мың шағын жоба жүзеге асырылып, 206 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Ишга Мерхамат» моноорталықтарында жұмыссыз азаматтар заманауи мамандықтарға және шет тілдеріне оқытылуда.
Биылғы Мемлекеттік бағдарламада 5 миллион адамды жұмыспен қамтамасыз ету белгіленген. Оның 2 миллионнан астамы ауыл шаруашылығы мен бау-бақшаға саласына тура келеді.
Осы жылдың 7 наурызында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиында махалладағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, отбасылардың табыс көзін құру жүйесі талқыланған еді. Ең қолайлы және кең тараған нұсқа шаруашылықты пайдалану екені айтылды.
Мемлекет басшысы елдік бағдарламалар мен игі істерді ең қиын аудандардан бастау керектігін үнемі айтып келеді. Мұның мақсаты – біріншіден, ондағы жағдайды жақсарту, адамдардың қиынын жеңілдету, соның арқасында, мұндай аудандарда не істеуге болатынын іс жүзінде көрсету.
Сайхунабад ауданы – сондай қиын аудандардың бірі. Жергілікті бюджет шығындарының 60 пайызы жоғары тұрған бюджет есебінен өтеледі. Себебі, кәсіпкерліктің дамымай тұр. Ауданда 2400 жұмыссыз адам бар. Кедейлік деңгейі де орташа республикалық деңгейден жоғары.
Аудандағы «Иттифоқ» махалласында 6 мың 672 адам өмір сүреді. Үш мектеп, үш балабақша, емхана, ондаған кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары бар. Бірақ бұл толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Еңбекке жарамды 100 адам жұмыссыз. Сондай-ақ шетелде жұмыс істейтіндер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Өткен жылы халықты кәсіпкерлікке тарту мақсатында 140 жобаға несие берілген. 137 адамға ұзақ мерзімді шаруашылық жүргізуге жер берілді.
Негізі аудан тұрғындарына қосымша жер бөлудің қажеті жоқ. Өйткені Сайхунабадта үй шаруашығында 20 сотық жері бар 26 ауданның бірі. Ол да толық пайдаланылмай тұр. Негізгі дақылдары – жүгері мен жоңышқа.
Атап айтқанда, «Иттифоқ» махалласында жалпы жер көлемі 185 гектарды құрайды. Аудан аумағынан Сырдария ағып өтетіндіктен суы да жақсы. Бірақ мол өнім өсіріп, шаңыраққа береке әкелу төмен. Атап айтқанда, Ферғана алқабы аймақтарында 6 сотық алқаптан түсетін табыс мұндағы ірі шаруашылықтардың өнімділігінен бірнеше есе жоғары.
Сондықтан Сайхунабад жылжымайтын мүлік пен шаруашылықтың әлеуетін толық пайдаланудың үлгісіне айналуда.
Өзбекстан Республикасы Президентінің осы жылдың 5 наурызында қабылданған «Халықтың үй шаруашылықтарда өнеркәсіп тәсілінде өнімін өндіруді қолдау және қожалықтар мен шаруа қожалықтарында жаңа резервтерді пайдалану шаралары туралы» қаулысы үлкен мүмкіндіктерді айқындап берді. Атап айтсақ, 2024 жылы экспортталатын және пайдалы дақылдарды егіп, тұрғындардың осы саладағы білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында 54 ауданда үлгілік оқу-тәжірибе алаңдарын құру жоспарланған.
Мұндай үлгілі шаруашылықтар «Иттифоқ» махалласфында да құрылды. Мемлекет басшысы бұл үйлерді аралап көрді.
Мысалы, Рисолат Ғұломованың отбасының 14 сотық жерінде осы уақытқа дейін сәбіз, сарымсақ, пияз егіліп, жердің отыз пайызынан пайдаланылған.
Әкімшілік пен ресми ұйымдардың қолдауымен шаруашылыққа алма мен жүзім көшеттері отырғызылып, олардың арасына түрлі көкөніс егілген. Сонымен қатар тауық, қоян, ара, сауынды сиыр бағу жолға қойылды.
Бүгінде Өзбекстанда отынсыз жылытатын жылыжай құрылысы кеңінен таралуда. Мемлекет басшысы бұл тәжірибені мақұлдап, оларды көбейтіп, шаруаларға дайын етіп беру керектігін айтты. Рисолат апаның үйіне екі сотықты жылыжай да салып берілді. Оған 30 түп лимон ағашы егіліп, қатар арасына қызанақ пен құлпынай егілді.
Мемлекет басшысы осында жер иелері және махалла белсенділерімен сұхбат құрды.
– Халқымыз өз өмірінде сезінуі үшін махалладағы барлық жұмысты ұйымдастырып жатырмыз. Енді біз мемлекеттік органдардың барлық мүмкіндіктерін әрбір көшеге, әр үйге жеткіземіз. Мәселен, махаллаға қарасты банк тек қаржы беріп қана қоймай, халықтың көзқарасын өзгертеді. Біздің мақсатымыз – халықтың табысын арттырып, байыту. Әрине, бұл оңай болмайды. Бұл – тынымсыз еңбек, тынымсыз ізденіс, жаңа идеялар дегені. Бірақ мұны жасауға болады. Бір ғана өлшем бар – экономикалық комплекс халықтың қайғысымен өмір сүреді, – деді Президент.
Махалла белсенділері тұрғындар, жалпы, сайхунабадтықтардың үй шаруашылықтарынан осындай кең көлемде пайдаланылуына қызығушылықтары зор екенін айтты. Шенеуніктер бұл тәжірибені кеңейтуге, жер иелеріне көмектесуге және махалланы жұмыссыздықтан алып шығуға уәде берді.
Президент осында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Осымен Мемлекет басшысы сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып оралды.