Ақпарат үшін: 2017-2022 жылдар аралығында салада құны 2,9 миллиард долларды құрайтын 340 жоба іске қосылып, мақта талшығын толық өңдеу қуаттары құрылып, нәтижесінде өндіріс көлемі 5 есеге өсіп, 64 триллион сумға жетті, экспорт көрсеткіштері 4 есе артып, 2,9 миллиард долларға жетті, экспорт географиясы 66 мемлекетті қамтыды, сондай-ақ, саладағы жалпы жұмыс орындарының саны 124 мыңнан 378 мыңға дейін өсті.
Жүзден астам кәсіпорын өкілдері қатысқан жиында тоқымашылық және тігін-трикотаж саласының одан әрі дамуына кедергі келтіретін жүйелі проблемалар, кәсіпкерлердің өз қызметінде кездесетін мәселелері жан-жақты талқыланды.
Атап айтқанда, шикізатпен қамтамасыз етуге, экспорт көлемін ұлғайтуға, өндіріске халықаралық стандарттарды енгізуге байланысты мәселелерге тоқталып, оларды жою бойынша сындарлы ұсыныстар әзірленді.
Жауапты басшыларға кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешуге жан-жақты көмек көрсету және саладағы жағдайды жүйелі түрде жақсартуға бағытталған орталықтандырылған іс-шараларды дайындау тапсырылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.