Аталған бағытта 47 орындықты, кондиционермен жабдықталған “MAN RR3” маркалы туристік автобустар қызмет көрсетеді. Жол ақысы – 25 000 сум етіп белгіленді.
Алғашқы рейс әр күні сағат 06:00-де “Машинасозлар” метро бекетінен шығады. Автобустар әр 1,5 сағат сайын қатынайды.
Бағыт: “Машинасозлар” метро бекеті – Махтумқули көшесі – “Янги Ўзбекистон” саябағы – Хажыкент аймағы – Чиноркент арқылы Ҳумсан қорғанына дейін.
Жол жүру уақыты шамамен 1 сағат 30 минут. Соңғы рейс Шарбақ жағынан сағат 20:30-да шығып, 22:00-де “Машинасозлар” метро бекетіне жетіп келеді.
Төлемді қолма-қол ақшамен де, банк карталары арқылы да жасауға болады.