Ташкент облысының Бостандық ауданына («Шарбақ» еркін туристік аймағына) графикалық негізде қозғалатын маусымдық автобустар қатынауы іске қосылды.

Қатынаулар «Uzautotrans service»  компаниясы тарапынан Yutong автобустарында 2024 жылдың 28 декабрінен 2025 жылдың 5 январь күніне дейін жүзеге асырылады.

Автобустар «Машинасозлар» метро бекетінен сағат 9:00 және 16:00-де жүреді.

Шарбақтан (Құмсан) 12:00 және 18:00 кетеді.

Осы бағыттағы жол жүру ақысы – 20 000 сум етіп белгіленді.