Өнеркәсіптік өндіріс орындары мен кәсіпорындарды аралап, олардың мысалында түрлі салалардың дамуы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бойынша қабылданып жатқан шаралар зерделенді.
Жұмысшы тобының мүшелері кәсіпкерлермен және экспорттаушылармен тікелей байланыс арқылы өндіріс және экспорттық қызмет барысында туындайтын проблемаларды талқылап, оларды шешудің механизмдерін әзірледі. Оларды жер-жерлерде жүзеге асыру бойынша жауапты басшыларға тапсырмалар берді.
Аймақ өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ішкі базарда талап жоғары болған, негізгі импорт жасалатын өнімді жергіліктендіру деңгейін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда инвестиция тартуды жеделдету маңызды екені айтылды. Осыған орай, аймақтық импорт құрылымына жан-жақты талдау жүргізу, нақты тауар түрлерін анықтау және Ташкент облысында осы өнім түрін шығаруды жолға қою бойынша жобалық ұсыныстар әзірлеу бойынша тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, халыққа инфрақұрылымдық және әлеуметтік қызметтер көрсетудегі проблемаларды инвентаризация жасау, оларды жою бойынша жауапты басшылармен атқарылу мезімі белгіленген нақты іс жүзіндік іс-шаралар әзірлеу тапсырылды.
Қазіргі таңда жұмысшы топ облыстағы бар проблемаларды зерделеуді және оларды шешудің тиімді шараларын әзірлеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.