Оңтүстік Кореяның жетекші басылымдарының бірі «The Korea Herald» газетінің баспа басылымы мен ресми сайтында Өзбекстанда алғаш рет әлем парламенттері әйел басшыларының саммитіні өткізілуі туралы материал жарияланды.

Газет ағымдағы жылдың 8-9 сентябрь күндері Ташкент қаласында Парламентаралық одаққа мүше мемлекеттер парламенттерінің әйел басшыларының 14-саммиті өтетінін хабарлаған.

Бұл туралы келісімге Венада ұйымдастырылған 13-саммит кезінде қол жеткізілді. Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Норбоева саммитке қатысушыларға Өзбекстандағы гендерлік теңдік саласындағы реформалар туралы айтып берді.

Саммиттен көзделген мақсат –  тұрақтылық пен әл-ауқаттылықты тиімді қамтамасыз ету үшін гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша парламенттер үшін үстем бағыттар мен әрекеттерді белгілеу болып табылады.

Форумға парламентаралық одақ елдері парламенттерінің әйел басшылары, депутаттар мен халықаралық ұйымдардың әйел өкілдері қатысады.

Саммит аясында әділ сот, интеграция және қоршаған ортаны қорғау, репродуктивті денсаулық саласындағы  әйелдердің қажеттіліктері, пандемиядан кейінгі экономиканы қалпына келтіру, интернетте әйелдердің құқықтары мен еркіндігін қорғау және насиахттау, тағы  басқа да өзекті мәселелер талқыланады, деп хабарлайды «Дуне» AA.

Конференция соңында Ташкент декларациясын қабылдау жоспарлануда.