Жиналысқа министрліктер, кеңселер, салалық бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы Қарақалпақстан Республикасының, облыстар мен Ташкент қаласының жергілікті билік органдарының басшылары қатысты.

Форумның бизнес бағдарламасын қалыптастыру, шетелдік делегациялардың, инвесторлардың және БАҚ өкілдерінің қатысуын ұйымдастыру, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және дайындықтың басқа да жақтарымен байланысты  кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Министрліктер мен кеңселердің басшылары тиісті бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп беріп, міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындалуы бойынша қосымша тапсырмалар алды.

Форумның негізгі міндеттері – Жаңа Өзбекстанды әлемдік деңгейдегі іскерлер аясына таныстыру, елімізді шетелдік инвесторлар үшін үстем бағыт ретінде алға ілгерілету,  экономикаға шетелдік инвестициялар мен заманалық технологияларды тарту, халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласында жаңа «өсу нүктелерін» анықтау, сондай-ақ Өзбекстанның, тағы басқа да елдердің іскерлері арасында тікелей байланыс орнату үшін ортақ мүдделі бағыттарын ашу екені атап өтілді.

Осы орайда инвестициялық және сауда-экономикалық серіктестік саласында берік келісулерден тұратын нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздей отырып, Форумды жоғары ұйымдастырушылық және мазмұн жағынан жоғары деңгейде өткізу үшін барлық мүмкіндіктер мен механизмдерді жұмылдыру қажет екені айтылды.

Шара 24-26 март күндері өткізілуі жоспарланған. Оған 56 елден 1,5 мыңнан астам ірі инвесторлар мен жоғары дәрежедегі қонақтар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Форумға Еуропа тіктелу және даму банкі, Азия даму банкі, бірқатар халықаралық ұйымдардың президенттері, шетелдік минстрліктер мен кеңселердің өкілдері, ірі корпорациялар мен компаниялардың басшылары қатысады. Форум барысында жалпы мәжіліс, интербелсенді дөңгелек үстел сұхбаттары, панельдік сессиялар, «Deep Dive» сессиялары, іскерлік таңғы ас, тұсаукесерлер, брифингтер, «G2G», «G2B» және «B2B»  форматындағы кездесулері сияқты 40-тан астам шаралар өткізіледі.

 Сондай-ақ Форум қатысушылары еліміздің жетекші өнеркәсіпорындарына барып, Өзбекстан экономикасының түрлі салалардағы жетістіктерін үйрену мүмкіндігіне ие болады. Бұдан тыс, шетелдік қатысушылар үшін Самарқант, Бұхара және Хиуа тарихи қалаларына туристік саяхаттар ұйымдастырылады. Қонақтар Өзбекстанның бай сәулеткерлік мұрасымен, мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.