Ташкент-Шанхай арасына тікелей әуе қатынаулар жолға қойылды

    Көлік 4 Iyul 2025 2034

    Өзбекстанның “Qanot Sharq” әуе компаниясы Ташкент- Шанхай бағыты бойынша тікелей рейсті сәтті жүзеге асырды.

    "Дунё"АА-нің хабарлауынша, бұл бағыт арқылы Өзбекстан мен Қытайдың екі үлкен, стратегиялық маңызды қаласы – Ташкент пен Шанхайды тұрақты рейстермен байланыстырады. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады.

    Ташкент пен Шанхай арасында тікелей әуе қатынауының жолға қойылуы Өзбекстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, екіжақты инвестицияларды ынталандыру, туризм және мәдени алмасу әлеуетін арттыру үшін жаңа болашағы зор мүмкіндіктерді туғызады.

    Сонымен қатар, бұл бағыт логистикалық үдерістерді оңтайландырып, екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей сауданы жеделдетеді, құны жоғары және жылдам жеткізілетін жүк айналымын белсенділігін арттырады.

    Жаңа рейс арқылы Өзбекстан азаматтарына Қытайдың экономикалық орталығы Шанхайға жылдам әрі ыңғайлы саяхат жасауға, сондай-ақ қытайлық саяхатшыларға Өзбекстанның бай тарихи-мәдени мұрасын тамашалауға қолайлы мүмкіндік болады. Бұл өзара туристік ағындарды айтарлықтай арттырады.

    Сонымен қатар, тікелей әуе қатынауы екі ел арасындағы мәдени-ағарту байланыстарын жандандыруға, халықаралық фестивальдерді, көрмелерді, студенттер мен сарапшылар алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруға қосымша негіз жасайды.

    Бұл маңызды бастама Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпин арасында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің іс жүзіндік орындалуы болды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates