Көлік-логистикалық саласын дамытуда Қытай жақын серіктесіміз

    Бизнес 20 Aprel 2023 2011

    Үстіміздегі жылдың 19 апрелінде Ташкент қаласында Өзбекстан мен Қытайдың іскер топтары арасында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық байланыстарды дамытуға бағытталған кездесу өтті.

    Кездесу Қытай Халық Республикасының «Shandong Port Group» компаниясының басшылығы бастаған делегацияның елімізге сапары асында ұйымдастырылды.

    Жиын Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасының көмегімен Қытай Халық Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшілігі және «Shandong Port Group» компаниясы тарапынан ұйымдастырылды.

    Шараға Шандун провинциясының ірі порттарының басшылары, Қытай Халық Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшілігі, Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы, Өзбекстанның халықаралық автомобиль тасымалдаушылары ұйымы, Өзбекстан Экономикалық ассамблеясы, Ташкент қаласы әкімшілігі және тағы басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Шара барысында «Shandong Port Group» компаниясының Қытайдың Шандун облысындағы теңіз порттарының әлеуеті туралы еліміз кәсіпкерлері үшін тұсаукесер өтті.

    Шандун порты тобы 2019 жылдың август айында Шандун провинциясының негізгі порттары: Синдао, Жичжао, Янтай және Бохай порт тобын бірлестіру арқылы ұйымдастырылды. Холдинг 12 бизнес сегментінде жұмыс істейді: жүк тасу, сауда, логистикалық, ғылыми-техникалық даму, құрал-жабдықтар жасау, шетелде даму, инвестицияны басқару, порт құрылысы, қалалық және өнеркәсіптік интеграцияны, круиздік сапарлар, мәдениет және туризм, кәсіптік-техникалық білім және денсаулық сақтау.

    2022 жылдың соңына қарай топ терминалдарының өткізу қуаты 1,6 миллиард тонна жүкке жетті, ал контейнерлік тасымалдау көлемі 37 миллион TEU-ден асты. Компанияның 21 үлкен порт аймағы, 360 өндірістік алаңы және 320-дан астам контейнерлік тасымалдау маршруттары бар. Штаб-пәтері Синдао қаласында орналасқан, топтың қызметкерлері 60 мыңнан асады.

    Шарада Өзбекстанның инвестициялық әлеуеті мен кәсіпкерлік қызметі үшін жаратылған кең мүмкіндіктер, экономикалық еркіндік пен кәсіпкерлікті құқықтық қолдап-қуаттау жөніндегі реформалар, республикамыздың туристік әлеуеті, логистика және транспорт саласында Қытаймен ынтымақтастық болашақтары туралы толық ақпарат берілді.

    Сондай-ақ форум қатысушыларының назарына Шандун порттары мен Өзбекстанның инвестициялық әлеуеті туралы тұсаукесер мен бейнероликтер көрсетілді.

    Сонымен қатар, бизнес-форум аясында B2B келіссөздер де жүргізіліп, кәсіпкерлер мен инвесторлар тікелей байланыс орнатуға, ортақ мүдделерді табуға және логистика саласында жаңа болашағы зор жобаларды талқылауға мүмкіндік болды.

    Айта кетейік, Өзбекстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 4,8 миллиард долларды құраса, 2022 жылы 8,9 миллиард долларға жетті және осы арқылы 185 пайызға өскен. Атап айтқанда, экспорт көлемі 23,4 пайызды, ал импорт көлемі 134,7 пайызды құрады, деп хабарлайды Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates