Мәжілісте Сенаттың кезекті жалпы отырысының күн тәртібіне «Транспорт  және қаржы салаларындағы кейбір құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды ырықтандыруға байланысты Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы алғашқы рет қаралды.

Айтылғанындай, Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы 5 жылда елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ құрылымдық құқықтық базаны қалыптастыруда, жүзеге асырылып жатқан реформалардың құқықтық негіздерін қамтамасыз етуде бірқатар іс-шаралардың жүзеге асырылуы көрілуде.

Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексте көзделген жол қозғалысы саласындағы құқықбұзушылықтар үшін белгіленген әкімшілік жауапкершіліктің мөлшері қазіргі заман талаптар мен қауіптілік деңгейіне толық сәйкес келмейтіні белгілі.

Осы Заңда әкімшілік құқықбұзушылықтың қауіптілік деңгейінен келіп шығып, оңтайландыру мақсатында 5 баптың санкциясының мөлшері азайтылуда. Атап айтқанда, транспорт иелерінің сақтандыру полисін алмағаны немесе мерзімі өтіп кеткен сақтандыру полисінде немесе сақтандыру полисінде көзделмеген тұлғаға автокөлікті басқарғаны, жолаушыларды лицензиясыз тасымалдағаны, төлқұжат жүйесіндегі қағидаларын бұзғандығы немесе азаматтардың валютаны заңсыз алу немесе өткізу үшін айыппұл мөлшері азайтылуда.

Сондай-ақ, сенаторлардың айтуынша, ензілген өзгерістер жүргізушілерге көлік жүргізу кезінде bluetooth, құлаққап және басқа да гарнитураларды қолмен ұстап пайдалануына мүмкіндік берілетінін атап өтті.

Көлік салонының алдыңғы жағына мониторды (дисплейді) орнату жауапкершілігі жойылды, сондай-ақ көлік жүргізушілерінің белгіленген нормадан асуы, жылдамдықты өлшейтін арнайы қондырғы көрсеткен жылдамдықтан сағатына 5 километрді айырып тастап есептеу енгізіледі.

Сонымен қатар, Ішкі істер органы немесе консулдық мекеме берген биометриялық төлқұжат (ID-картасы) болған жағдайда жүргізушіге көлікті жүргізу құқын беруші құжат, көлікті тіркеуге алғандығы жөніндегі, сондай-ақ транспортқа иелік ету, иесі жоқ кезде пайдалану немесе оған иелік ету құқығын растайтын құжаттар, көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі талап етілмейді.

Талқылау қорытындысы бойынша комитеттің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының ақпарат қызметі.