Құжатпен 2021-2022 жылдары ауылды аудан орталығымен, аудан орталығын облыс орталығымен байланыстыратын жаңа автобус бағыттарын ұйымдастырудың мақсатты параметрлері бекітілді. Атап айтқанда, барлығы 310 жаңа автобус маршруттары қойылады. Олардан:
- қала - 60 ;
- қала маңы - 193;
- қалааралық (облыс ішінде) - 57.
Мынадай тәртіп орнатылуда, оған сәйкес:
- коммерциялық негізде жолаушыларға қызмет көрсететін заңды тұлғалар тарапынан қаралатын зиян мөлшері 30 пайызға дейін (30% да осыған кіреді) болған бағыт тиімсіз автобус бағыты болып саналады. (Ташкент қаласын қоспағанда);
- Рентабельді емес автобус маршруттарынан болатын шығындар 2021 жылы - Қарақалпақстанның Республикалық бюджеті мен облыстардың жергілікті бюджеттерінің қосымша көздері есебінен, 2022 жылдан бастап - жергілікті бюджеттерден ай сайын қажетті қаражат бөлінеді;
- Рентабельді емес бағыттар бойынша тасымалдаушыларға субсидия бөлу Қарақалпақстан Министрлер Кеңесі мен облыстық әкімдіктер жанынан құрылған аумақтық комиссиялардың қаулылары негізінде жүзеге асырылады.
Тасымалдаушылардың қала маңындағы және қала ішіндегі рентабельді емес автобус бағыттарынан болған шығындарды өтеу жөніндегі аймақтық комиссиялардың типтік құрамы бекітілді.
Көлік министрлігіне:
- халық санына, тығыздыққа, базарлар мен әлеуметтік объектілердің орналасуына, сондай-ақ жолаушылар тасымалдау тарифтеріне негізделген қалааралық немесе қала маңындағы тиімсіз автобус маршруттарының тізімін қалыптастыру;
- министрліктің аумақтық транспорт бөлімдері әр айдың 25-іне дейін рентабельді емес автобус бағыттары бойынша келтірген залал туралы мәліметтерді аумақтық комиссияларға ұсынуды қамтамасыз етуді тапсырады.
Коммерциялық банктерге аймақтардағы тасымалдаушыларға автобус пен шағын автобустарды сатып алуды қаржыландыру үшін қолайлы шарттармен және Орталық банктің қайта қаржыландыру ставкасынан 1,5 еседен аспайтын пайызбен несие беру ұсынылды.
Кәсіпкерлікті қолдап-қуаттау мемлекеттік қоры коммерциялық банктердің автобустар мен шағын автобустар сатып алуға берген несиелері бойынша несие суммасының 50% -на дейін (оның ішінде 50% да кіреді), бірақ, 8 млрд сумнан астам болмаған мөлшерде кепілдік береді.
Құжат Заң құжаттары мәліметтері ұлттық базасында жарияланған және 2021 жылғы 9 октябрьден күшке кірді.