Бұл туралы “Uzbekistan Airways” баспасөз қызметі хабарлады.

Атап өтілгендей, қарттарға арналған туризм айлығына байланысты “Uzbekistan Airways” 60 жастан асқан ерлер мен 55 жастан асқан әйелдер үшін 1 ноябрьден 30 ноябрьге дейін іске асырылған жергілікті  әуе рейстерге 15 пайызға дейін жеңілдік жариялады.

Жеңілдікпен әуе билеттерін «Uzbekistan Airways Sales» филиалынан, Өзбекстандағы авиакомпанияның ресми агенттерінен, сондай-ақ www.uzairways.com сайтынан сатып алуға болады.

Жолаушылар мен жүк тасымалы тарифтеріне қосымша түрде басқа түрлі салықтар, төлемдер де орнатылады. Оларға 15%-ға дейін  ұсынылатын жеңілдік берілмейді.