Түркі мемлекеттері ұйымының ақсақалдары Қырғызстан Президентімен кездесті

    Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар Кеңесінің кезектегі жиналысы өтуде.

    Жиналыс барысында Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров қатысушылармен кездесті.

    Оған Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар Кеңесінің Өзбекстандағы мүшесі, Сенаттың Жастар, мәдениет және спорт мәселелері комитетінің төрағасы Бахтиёр Сайфуллаев та қатысты.

    Садыр Жапаров ақсақалдар қоғам мен мемлекет өмірінде маңызды рөл атқаратынын айта келе, жаһандану дәуірінде құрылған Ақсақалдар Кеңесі әлемдегі ең мықты бірлестіктердің біріне айналатынына сенім білдірді.

    Қырғызстан басшысы Өзбекстан ақсақалымен сұхбат барысында Өзбекстанға сапары кезіндегі көргендері дүниетанымын мүлде өзгерткенін, ашық басқаруда Шавкат Мирзияевтен көп нәрсені үйренгенін айтқан.

    Сондай-ақ кездесуде Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы барлық мәселелердің шешімін тапқаны айтылды.

    Садыр Жапаров үстіміздегі жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Самарқант саммитіне міндетті түрде қатысатынына және бұл Саммиттің жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

    Ақсақалдар Кеңесінің жиналысы жалғасуда.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates