Кездесу барысында тараптар өзара сауда айналымын арттыруға екіжақты  ынтымақтастықты дамыту бойынша пікір алысты.

Айтылуынша, соңғы бес жыл ішінде өзара сауда көлемі екі есеге өскен және  2021 жылы 3,4 миллиард долларға жеткен. Өзбекстан-Түркия тауар айырбастау көлемін 2023 жылы 5 миллиард долларға, ал жақын болашақта 10 миллиард долларға жеткізу мақсатында осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға өзара дайын екені айтылды.

Сол тұрғыдан, тараптар жақын болашақта Жеңілдетілген  сауда туралы келісімді ратификациялау үшін оны келісу үдерісін жеделдетуге келісті. Сондай-ақ сауда кедергілерін жою, сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде кедендік тәртіп-ережелерді жеңілдету және осы салада цифрлық шешімдерді енгізу бойынша келесі шаралар белгіленді.

Кездесуге қатысушылар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударды. Екі ел арасындағы автомобиль және әуе көлігімен жүк тасымалдау көрсеткіштерінің оң динамикасын ескере отырып, тараптар көлік инфрақұрылымын дамыту және екі ел арасындағы тікелей және транзиттік жүк тасымалы көлемін ұлғайту бойынша шараларды іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында тараптар жарияланған бастамаларды  өмірге енгізу  бойынша алдағы іс-әрекеттер мен қарастырылған барлық бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықтың жолдарын белгіледі, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.