баннер
25 Apr 2025
05:45

    Түркиямен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мүмкіндіктері талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 30 сентябрінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Акрам Алиев Түркияның Сауда министрінің орынбасары Мустафо Тузжумен кездесті.

    Келіссөздер барысында Өзбекстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен оны дамытудың болашақ бағыттары қарастырылды.

    Өзара тауар айырбастау көлемін 5 миллиард долларға дейін жеткізу мақсатында екі елдің арасындағы қол қойылған жеңілдетілген сауда туралы келісімі аясында тауар тізімін кеңейту, өнімдерге қойылған шектеулерді алып тастау, сауда тәртіп-ережелерін оңтайландыру және өндірістік кооперацияны дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

    Кездесу соңында Өзбекстан мен Түркия арасында өзара сауданы кеңейту және электронды сауданы дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін екі елдің сарапшыларынан құралған бірлескен жұмысшы топты құру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мы в Телеграм
    Text to speech