Осынау шараларға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Моди, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шахбаз Шариф, Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиян, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, сондай-ақ Мысыр, Камбоджа, Непал, Армения үкімет басшылары және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысты.
Мемлекет басшысын және зайыбын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жұбайымен бірге ілтипатпен қарсы алды.
Содан кейін шетелдік көшбасшыларға Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тяньцзинь саммитіне арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.