Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, «Узчармсаноат» бірлестігі ынтымақтастығында өткен аталмыш халықаралық шарада еліміздің кәсіпорындарының былғары, аяқ киім, елтірі өнімдері, шикізат пен материалдардың үлгілері шетелдік серіктестер назарына ұсынылды.
Көрмеде бірқатар халықаралық бірлестіктер, сондай-ақ Халықаралық былғары бірлестігі (ІСТ), Ресейдің былғары бірлестігі, Ресейдің былғары және аяқ киім бірлестігі, Ресейдің ұлттық аяқ киім бірлестігі және «Руспушнина» халықаралық былғары аукционы, сонымен қатар Беларусь, Үндістан, Иран, Қырғызстан сияқты бірқатар шет мемлекеттердің Өзбекстандағы елшіліктерінің жауапты өкілдері қатысты.
Көрмеде 30-ға жуық шет мемлекеттерінің былғары аяқ киім және елтірі саласында жұмыс істейтін 70-тен астам ірі өндірушілер мен компаниялардың басшылары мен өкілдері бірлескен инвестициялық жобалары мен экспорттау келісімдері мақсатында қатысты.
Көрме аясында әлемдік стандартқа сай келетін жергілікті былғары аяқ киім мен былғары бұйымдардың жаңа түрлері, заманалық технологиялық жабдықтар, аяқ киім және былғары өндірісі саласындағы шетелдік фирмалар мен фирмалардың жетістіктері туралы көрме семинарлары, бизнес-форум, тренинг, мастер-класс, дөңгелек үстел сұхбаттары, тұсаукесерлер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ қатысушы кәсіпорындарға саладағы соңғы даму тенденциялары, трендтер, технологиялар, өнім бренді, сапа сертификаттары, маркетингтік инновациялар қамтылған ондаған тақырыптарда семинар тренингтер және түрлі тақырыптардағы шеберлік сабақтары, сонымен қатар Ташкент тоқымашылық және жеңіл өнеркәсіп инсттутының дизайнерлік саласында жұмыс істеп жүрген студенттер тарапынан аяқ киім мен киім үлгілерін, сондай-ақ былғары бұйымдарының подиумі көрсетілді.
Сонымен қатар, Францияның «Mephisto» компаниясы «Бренд тарихы» атты, Португалияның «Mind Technology» компаниясы «Mind Cad» бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша, Ресейдің «Neoxim» компаниясы былғары және елтірі өнеркәсібіне қажетті арнайы химиялық заттар бойынша тұсаукесерлер өткізілді, сондай-ақ Ташкент тоқымашылық және жеңіл өнеркәсіп институты мамандары тарапынан аяқ киімді конструкциялау бойынша мастер-класс және тағы басқа түрлі тақырыптарда ғылыми-практикалық қолданба материалдар кәсіпорындардың назарына ұсынылды.
Шетелдік қонақтарды Өзбекстанның инвестциялық ортасы мен жаратылған қолайлылықтармен жақыннан таныстыру мақсатында Самарқант, Бұхара, Сырдария, Ташкент, Наманган, Әндіжан, Ферғана облыстары мен Ташкент қаласындағы сала кәсіпорындары бинес-турлар сондай-ақ еліміздің туристік әлеуеті, бай тарихы, ұлттық мәдениетімен жақыннан таныстыру мақсатында Самарқант қаласына саяхат ұйымдастырылды.
Аталмыш көрме-жәрмеңкесі шеңберінде былғары аяқ киім, былғары бұйымдар, елтірі, қаракөл және жүннен дайындалған бұйымдар мен бұйымдар өндірісі дамыған Италия, Түркия, Англия, Франция, Ресей, Беларусь, Қытай және Үндістан елдерінің бірлестіктері, елшіліктері мен компанияларының өкілдері мен ірі іскерлер шеңберінде B2B, B2G, G2G кездесулер өткізілді.
Өткізілген келіссөздер нәтижесінде 50 миллион долларға жуық экспорттық келісімдерге және 35 миллион доллар көлеміндегі бастапқы инвестициялық келісімдерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, Ресей Федерациясындағы «Парижская Коммуна», «Yaxting», «Барс», «Мягкое Золото», «Фома», «Зебра», «Аванти», «Karavan-M», Германиядағы «Tutelo», Франциядағы «Mephisto», Италиядағы «Tecon», Үндістандағы «Penza Exports», «Shine Leather Finishers», «Homera tanning», Эрондаги «Sepehr Industrial Group», Беларусдаги «Фурнитура», «Galanteya», «Минский кожевенный зауыты» компаниялары сондай-ақ Қазақста, Қырғызстан,Тәжікстан мен Әзірбайжанның бірқатар компаниялары мен кәсіпкерлері, ірі сауда желілерімен келісімдерге қол жеткізілді.
Мақсат пен нәтиже тоғысатын жер «Uzcharmexpo-2022» халықаралық көрме-жәрмеңкесі жергілікті кәсіпорындар үшін әлемдік базаға шығуда кең мүмкіндіктер мен республикамыздың инвестициялық әлеуетін арттыру үшін бизнес-платформаға айналды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар хабар арқылы 2022 жылғы 12-14 октябрь күндері елімізде «UzCharmExpo -2022» 13-Халқаралық былғары, аяқ киім, елтірі және жүн өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылуын жариялайды.