Велоспортты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды

    Спорт 6 May 2022 1886

    5 майда Өзбекстан велоспорт федерациясының төрағасы Танзила Нарбаева Азия велоспорт конфедерациясының президенті Осама Ахмад ал-Шафарды қабылдады.

    Кездесуде елімізде велоспортты одан әрі дамыту, әсіресе жастар мен әйелдерді осы спорт түріне тарту, сол арқылы елімізде салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ Азия велоспорт конфедерациясымен ынтымақтастықта болашағы зор жоспарларды жүзеге асыру сияқты мәселелер талқыланды.

    Өз кезегінде, О.Ал-Шафар Өзбекстанда велоспортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен спортшыларға жасалған жағдайды жоғары бағалады.

    Қонақтар осындай назардың нәтижесінде Өзбекстанда велоспорттың күрт өскенін, соның нәтижесінде биыл март айында Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен Азия чемпионатына өзбек спортшылары сәтті қатысқанын ризашылықпен атап өтті.

    Сондай-ақ, кездесуде қонақтар Өзбекстанда велоспорттың тас жол, тау және трек түрлері бойынша жарыстарын ұйымдастыру, Азия чемпионаттарын өткізу бойынша ұсыныстар мен пікірлерін айтты.

    Кездесу барысында тараптар Өзбекстанда велоспорт құрама командасының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту, шетелдік жаттықтырушыларды тарту арқылы олардың әлеуетін пайдалану, спортшыларды алдағы ірі жарыстарға тыңғылықты дайындау сияқты үстем мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates