Кездесудегі негізгі мақсаты — тұрақты халықаралық сауданы арттыру, көлік дәліздері бойынша жүк және жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігін күшейту мақсатында еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері қаралды.

Логистикалық саласындағы шағын және халықаралық бизнесті дамытуға, көлік жүйесін цифрландыруға, сондай-ақ жол бойындағы инфрақұрылым нысандарын ұйымдастыруға бағытталған жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктері қарастырылды.

Осы мәселелерді Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерімен талқылау мақсатында БҰҰ ЕЭК қолдауымен ағымдағы жылдың 26-27 октябрь күндері Ташкент қаласында СПЕКА бағдарламасына қатысушы елдердің Жұмысшы топтың жиналысын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.