Кездесуге «Қирғизистон темир йули» МК» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры А. Сакиев, Ауғанстан теміржолының Бас директоры Бахт ул-Рахман Шарафат, сонымен қатар Қытайдың «Wagkhan Corridor» логистикалық компаниясы, Қытай өкілі Мао мырза мен Ауғанстан өкілі Забиуллах мырза қатысты.
Осы дәліз арқылы жүктерді Қытайдың Қашғар теміржол станциясынан Қырғызстанның Ош теміржол станциясына, Ош станциясынан Ауғанстанның Хайратон станциясына дейін теміржол арқылы жүк тасымалдау жоспарлануда. Бүгінгі таңда жыл сайынғы жүк тасымалдау көлемі 3 500 контейнерді құрайды, алдағы уақытта жылына 60 мың контейнерге дейін тасымалдау жоспарлануда.
Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті тарифтік саясатты ескере отырып, тараптар алдағы уақытта тарифтерді төмендету мәселесін талқылап, келесі кездесуде тарифтік ставкаларды ұсынуға келісті.
Кездесу барысында тараптар дәлізді дамытуға бар іс-әрекеттерді салып, жаңа бастамаларды белсенді түрде қолдайтынын атап өтті, деп хабарлайды «Узбекистон темир йуллари» АҚ баспасөз қызметі.