Хиуа – 2024 жыл Ислам әлемінің туристік астанасы!

    Туризм 29 Iyun 2022 2745

    Ислам ынтымақтастық Ұйымының Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен ХІ сессиясы аясында алғаш рет Өзбекстан қалаларының бірі — Хиуаны 2024 жылы «Ислам әлемінің туризм астанасы» деп жариялау туралы қаулы қабылданды.

    Ислам ытымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) жеңістің негізгі факторлары ретінде елімізде туризм саласындағы ашықтық саясаты, визалық режимның қарапайымдандырылуы, мәдени мұраны сақтау, тарихи қалаларды абаттандыру сияқты көптеген реформаларды тілге тиек етті.

    Бұл жерде Хиуа қаласының тарихи көрінісінің қалпына келтірілуі, қайта жөндеу және концервацияға қатысты жүзеге асырылған жұмыстар, сонымен қатар электр бағандарының демонтаждалғаны, туристердің үлкен ағымын қабылдауға жасалған жағдайлар, инфрақұрылымның жақсарғаны, 5 жұлдызды қонақ үйдің, сондай-ақ бутик-отельдер мен хостелдердің құрылысы жүргізіліп жатқаны ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, туризм және осыған ұқсас салалардағы кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайлар жоғары бағаланды.

    «Ислам әлемінің туристік астанасы жылы аясында Хорезм облысының Хиуа қаласында ИЫҰ-ға мүше 57 елдің туризм министрлері мен туризм әкімшілігі басшыларының жиналысы жоғары деңгейде өткізіледі. Сонымен қатар Ислам әлемі мен зиярат туризмінің әлеуетін ашатын ғылыми-іс жүзіндік конференциялар, фотокөрмелер мен арт-экспозициялар өтеді», - деді Өзбекстан делегациясының басшысы – Премьер-министрдің орынбасары, Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов.

    Ислам әлемінің туристік астанасы аталымына 5 елдің қалалары ұсынылды, олар:

    Абу-Даби (БАӘ);

    Шанлиурфа (Түркия);

    Лаос (Нигерия);

    Душанбе (Тәжікстан);

    Хива (Өзбекстан).

    Соңғы жылдарда бұл қалалар арасында аталымдар үшін қызу бәсеке болды. Соған қарамастан Өзбекстанның осы бағыттағы жүргізілген іс-әрекеттерінің нәтижесінде Хиуа қаласының «Ислам әлемінің туристік астанасы» мәртебесін алуы туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    Айта кету керек, жеңіске жету жолында Өзбекстан Республикасы Туризм және мәдени мұра министрлігі 2019 жылдан бастап жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, яғни бұл арада Хиуа қаласы ұсынылып, ИЫҰ-ға мүше елдермен тиісті жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, ИЫҰ елдерінің туристік әкімшіліктерінің басшыларымен онлайн кездесулердің, келіссөздер мен тұсаукесерлердің өткізілуі солардың қатарында.