Хорезм облысында өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру іс-шаралары қаралды

    Өнеркәсіп 28 Iyun 2022 1256

    Үстіміздегі жылы 28 июніде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С. Умирзаков басшылығындағы және министрліктер, кеңселер, салалық бірлестіктері мен коммерциялық банктердің басшыларынан құралған Сыртқы сауда, инвестициялар, жергілікті өнеркәсіпті дамыту және техникалық жағынан реттеу мәселелері бойынша Үкімет комиссиясы Хорезм облысының әлеуеттік-экономикалық дамуының қазіргі жағдайын үйрену және оны одан әрі ынталандыру іс-шараларын жасау мақсатында аталмыш аумаққа жол алды.

    Комиссия мүшелері кәсіпорындар мен өнеркәсіп нысандарын аралап, кәсіпкерлермен және экспорттаушылармен әңгімелесіп, өндірістік және экспорттық қызметке қатысты мәселелерді талқылады, сондай-ақ жеке сектор өкілдері іс жүзінде кездесетін өзекті мәселелерді талқылады.

    Өткізілген талдау нәтижелері Комиссия мүшелері мен облыстың аудан және қалаларының жергілікті билік органдары басшыларының қатысуымен бейнеконференция түрінде өткен жиналыста үйренілді.

    Жиналыстың күн тәртібінде аумақтық инвестициялық бағдарламаның жүзеге асыру барысы қаралды. Атап айтқанда, биыл облыста құны 6,4 триллион сумдық 698 инвестициялық жобаны өмірге енгізу жоспарланған болып, соның нәтижесінде 15,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазірге дейін іске қосылған өндіріс нысандарының қызметі, сондай-ақ облыстың үстем секторларында жаңа инвестициялық жобаларды қалыптастыру бойынша жұмыстардың барысы үйренілді.

    Комиссия басшылығы облыста өнеркәсіп саласындағы жобалардың үлесін арттыру және осы бағытта аумақта ұйымдастырылған “жоба топтарының” жергілікті билік органдарымен облыстың аудан, қалаларына бекітілген сала басшыларымен бірге қызметін күшейту қажеттілігін айтты. Облыстың аудан және қалаларында «өсу нүктелерін» анықтау және жоғары қосылған құнға ие өнім өндіруге бағытталған жоғары технологиялық индустриялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында келешегі бар салаларда жаңа инвестициялық ұсыныстар әзірлеу бойынша іс-әрекеттерді жандандыру тапсырылды.

    Сонымен қатар, экспорттық қызметтін қолдап-қуаттау мәселелері қаралды. Жауапты басшылар кәсіпкерлер қызметінде кездесіп жатқан проблемаларды шешуде іс жүзіндік көмек көрсету және облыстың экспорттық әлеуетін арттыру іс-шараларын әзірлеуді көздеп жергілікті өнім өндірушілер мен экспортшыларды қолдап-қуаттаудағы істерінің барысы туралы есеп берді.

    Кездесу соңында министрліктердің, кеңселердің, коммерциялық банктердің және жергілікті билік органдардың басшыларына жүктелген міндеттерді сапалы және дер кезінде орындау бойынша қосымша тапсырмалар берілді. Жақын арада Комиссия мүшелері жер-жерлердегі жағдайды одан әрі терең талдау және аумақтың өнеркәсіптік-экономикалық дамуын ынталандыру стратегиясын әзірлеу мақсатында Хорезм облысында өз қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates