Хорезмдегі әскери бөлімнің күрделі жөндеуден өткен нысандары пайдалануға берілді

    Әскери шекара 7 Yanvar 2022 2715

    Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштері құрылғанының 30 жылдығы және Отан қорғаушылар күні қарсаңында Хорезм облысының Шовот ауданындағы әскерге шақыру резерві батальонында күрделі жөндеуден өткен бірқатар ғимараттар мен кешендер салтанатты түрде пайдалануға берілді.

    Ашылу салтанатында сөз сөйлегендер соңғы бес жылда елімізде барлық салалар сияқты әскери салаға да көп көңіл бөлініп, әскери қызметшілердің жауынгерлік қызметке қатысуына қолайлы жағдай жасалып, әскери нысандардың ауқымды құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Айтпақшы, соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде бүгінде Қарулы Күштеріміз өзінің жауынгерлік қабілетін бірнеше есе арттырып, халықаралық аренадағы әскери жарыстарда жоғары орындарға ие болды.

    2020 жылы осы әскери бөлімде жаңадан салынған 250 орынды сарбазға арналған жатақхана, сонымен қатар бір мезетте 490 адамға қызмет көрсете алатын санитарлық-тұрмыстық ғимараты және жылу жүйесі пайдалануға берілді.

    2021 жылы Қорғаныс министрлігінен бөлінген қаржының арқасында 16 оқу кабинеті бар, 2 оқу корпусы, 200 орындық 2 жатақхана, спорт залы, штаб ғимараты және су айдау стансасы күрделі жөндеуден өткізіліп, заманалық мебель жиһаздармен, оқу-жаттығу құралдары базасымен қамтылып, мерекеге тарту ретінде тапсырылды. Сондай-ақ бұл жерде заманалық тренажер және жабдықталған спорт залы мен кітап қорына бай болған кітапхана да бар.

    Айту орынды, ұлы бабаларымыздың даңқты тарихынан сыр шертетін Әмір Темір мен Жалолиддин Мангубердінің дәрісханалары, осында білім алып жатқан әскер қатарына шақырылушыларды отаншылдық рухта дайындауға, оларға ұлы тарихымызды үйретуге қызмет етеді.

    Айта кетерлігі сол, 2003 жылы Өзбекстан армиясында әскери қызметтің жаңа түрі ретінде енгізілген жұмылдыру резервінде қызмет ету мүмкіндігіне жерлестеріміз риза.

    «Жалпы әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңға сәйкес, Әскери қызметке шақыруға құқығы бар, мерзімді әскери қызметті өтеуге жарайтын, әскери қызметке шақыру мерзімін кешіктіру және шақырудан босатуға құқығына ие болмаған, бірақ Қарулы Күштер қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылмаған тұлғалар ӘШР қатарына қабылданады.

    Әскерге шақыру резервіндегі қызметке он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы әскерге шақырылушылар алынады және олар арнайы есеп-шотқа ақы төлем төлегеннен соң ай сайынғы әскери дайындыққа алынады. Айлық әскерін өтеп, Отанға ант қабылдағандарға әскери куәлік беріледі, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Солтүстік-Батыс әскери округі мәліметіне сүйеніп.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates