Тарихта ұлы ғұламалар, ержүрек бабалар мен бірге осындай тұлғаларды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, қасиетті істерге ұйытқы болған асыл әйелдер аз емес. Бүгінде де, ел аумағындағы қыз-келіншектер бала тәрбиесінде, әр салада, махаллада адал қызмет етуде. Олардың ауыртпалығын жеңілдетіп, құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында соңғы жылдары бірқатар заң, қаулы мен жарлықтар қабылданды.

2021 жылы «Әйелдер кәсіпкерлігі» бағдарламасы бойынша 200 мыңнан астам жобаға 2 триллион сум несие мен субсидия бөлініп, 320 мың әйел тұрақты жұмыс тапты. 190 мың әйел кәсіпкерлікке оқытылды. 4 мыңнан астам әйелге баспананың бастапқы құны бөлінді.

2 мың қыз жоғары оқу орындарына арнайы грант негізінде қабылданды. Соның нәтижесінде былтыр жоғары оқу орнына түскен студенттердің 60 пайызын қыз-келіншектер құрады.

Жалпы, 2020 жылдан бастап 900 мыңға жуық әйелге әлеуметтік-экономикалық, медициналық, құқықтық және психологиялық көмек көрсететін «Әйелдер дәптері» жүйесі іске қосылды.

Қазіргі уақытта «Әйелдер дәптерінде» 630 мыңнан астам қыз-келіншек бар, оның 200 мыңы жұмыссыз. Әйелдер арасындағы қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қысым көрсету жағдайлары, өкінішке орай, әлі де бар.

Мемлекет басшысы бұл мәселелерді шешуде махалла белсенділері, жұртшылық пен ақсақалдардың рөлі мен ықпалы сезілмей отырғанын айтты.

– Бүгінгі берекелі өміріміз де, жарқын болашағымыз да әйелдерге байланысты. Халқымыз риза болсын десек, ең алдымен аналарымыз бен әпке-қарындастарымызға лайықты жағдай жасауымыз керек, – деді Шавкат Мирзияев.

Бұл мақсат елдің даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Оларды жүйелі түрде, әрбір ауданда жүзеге асыру үшін Отбасы және әйелдер істері жөніндегі мемлекеттік комитет құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.

Комитет төрағасы әзірше премьер-министрдің орынбасары және Сенат депутаты қызметін атқарады. Оның облыстық, аудандық және қалалық бөлімдерінің басшылары облыс әкімінің орынбасарлары болып табылады.

Қыз-келіншектерді қолдау қоры мен «әйелдер кітапшасы» қоры комитет тарапынан басқарылады. Республикадағы 9309 махалла төрағаларының қыз-келіншектер мен отбасы істері жөніндегі орынбасарлары да комитеттік жүйеге өтіп, әр махаллада белсенді әйелдер лауазымдары қайта енгізіледі.

– Енді әрбір ауданда әйелдердің проблемаларымен өмір сүретін жүйе пайда болады. Қайсы әйелге не қажет, оқуы, емделуі, балаларын қалай тәрбиелеу керектігі туралы менің үстелімде әділетті сандар болады», - деді Мемлекет басшысы.

Қыз-келіншектер мәселесі Махалла және отбасын қолдау министрлігі жүйесінде болғаны белгілі. Жеке комитеттің құрылуына байланысты бұл министрлік те Махалла және қарттарды қолдау министрлігі болып қайта құрылды.

Бұл салада да жаңа жүйе құру жоспарлануда. Жер-жерлерде бұл міндет тікелей әкімдерге жүктеледі, әкім орынбасарының қызметі қысқартылады. Махалла төрағасы әкімнің көмекшісі, жастар көшбасшысы және белсенді әйелдердің өз аймағында бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы әйелдерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жеке секторда жұмыс істейтін әйелдерге бала тууына байланысты мемлекеттік жәрдемақы жүйесін құру тапсырылды. Биылғы жылы бюджеттен 200 миллиард сум, 2023 жылы 1,7 триллион сум бөлінетіні атап өтілді.

Әйелдердің тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесіне тоқталған Президент:

– Бір кездері әйелдерге жеңілдікпен үй беру мүмкін емес еді, бұған заңды негіз де, ақша да жоқ болатын.

Жиында ипотекалық субсидиялардың кем дегенде 40 пайызы қыз-келіншектерге бағытталатыны туралы шешім қабылданды.

Олардың денсаулығын қалпына келтіру үшін де нақты шаралар қолға алынбақ. Атап айтқанда, биыл 6 мың әйел жоғары технологиялық медициналық көмек алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі. 3 миллион әйел қатерлі ісік бойынша тексерілмек. Сондай-ақ, қыздарды емдеу, фертил жастағы әйелдерді тегін дәрі-дәрмек және дәрумендермен қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.

Қыздардың жақсы білім алуы, кәсіп үйренуі Мемлекет басшысын үнемі ойландыратын мәселелердің бірі. Осы жиында оларға білім беру ортасын кеңейту мақсатында тарихи шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда, 2022-2026 жылдарға арналған Қыз-келіншектер білімін қолдаудың бағдарламасы әзірленеді. Бағдарлама аясында Ташкентте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қыз-келіншектерді оқытатын  тоқыма саласы бойынша жеке университет құрылады. Мақта және тоқыма кластерлерінің қатысуымен университеттің техникалық оқу орындары да ашылады.

Жаңа оқу жылынан бастап білім беру келісімшарттарын төлеу үшін қыздарға алғаш рет 7 жыл мерзімге пайызсыз несиелер берілмек. Осы мақсатта банктерге биыл 1 триллион 800 миллиард сум, алдағы бес жылда 8 триллион сум бөлінеді.

Тағы бір жаңалық: келесі оқу жылынан бастап магистратурада оқитын қыздардың келісімшарттық ақшасы толығымен бюджет есебінен жабылады. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасы мүшелерінің, ата-анасынан айырылған студент қыздардың оқу келісімшарты жергілікті бюджеттен төленетін болады.

Қоғамдағы ғалым-әйелдердің үлесін айтарлықтай арттыру мақсатында докторантура саласында әйелдерге жыл сайын кемінде 300 мақсатты квота бөлінеді.

Монорталықтар мен университеттер жанынан Біліктілікті бағалау орталықтарын құру, әйелдерді сұранысы жоғары кәсіптерге оқыту жөнінде тапсырмалар берілді.

2022-2024 жылдарға арналған «Іскер әйелдер» бағдарламасын қабылдау жоспарлануда. Оны жүзеге асыруға барлығы 8 триллион сум бөлінеді. Әйелдер үшін кәсіпкерлік курстары ұйымдастырылып, жеңілдетілген несиелер беріледі.

Мемлекет басшысы мұқтаж әйелдерді жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажеттігін айтты. Оларға көптеген салық және сауда жеңілдіктері белгіленді.

Жиында әйелдерді құқықтық қорғауды күшейту мәселесі де сөз болды. Бүгінде қысым көріп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер 30 күндік мерзімге ерекше қорғауға алынады. Алайда одан кейінгі жүйеде босаңсу бар.

Сондықтан әйелдерді қысым мен зорлық-зомбылықтан қорғауды енді бір жылға дейін арнайы қорғау белгіленіп, сот қамтамасыз ететін болады.

Отбасын нығайтып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру да бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Осы орайда Мемлекет басшысы беделді, білімді әйелдерден құралған «Ақылды әйелдер» қозғалысын құруды ұсынды.

– Бұл әрекет «махалланың ар-ожданына» айналуы керек,– деді Шавкат Мирзияев.