Оған сенаторлар, сарапшылар, тиісті министрліктер мен кеңселердің өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілісте Олий Мажлис Сенатының кезекті жалпы мәжілісінде қаралуы жоспарланған мәселелер алғашқылар ретінде талқыланды.
Шарада жалпы мәжілісте талқылануы қажет болған бірқатар мәселелер туралы Комитет төрайымы М.Қодирхонова ақпар берді.
«Банктік емес несие ұйымдары және қаржыландыру қызметі туралы», «Киберқауіпсіздік туралы», «Органикалық өнімдер туралы», «Жарнама туралы» заңдар, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің 2021 жылғы қызметі туралы ақпарат, Сыртқы ішкі істер министрінің құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың профилактикалық жағдайы туралы 2021 жылдың қорытындысы бойынша ақпараты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі директорының мемлекеттік органдары мен ұйымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде атқарылған істер туралы ақпараттар солар қатарында.
Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының жаңа редакциядағы Еңбек кодексінде қыз-келіншектер үшін белгіленіп жатқан кепілдіктерге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Комитет мәжілісінде Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілінің (омбудсманның) 2021 жылғы қызметі туралы есебі де тыңдалды.
Қаралған мәселелер бойынша Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.