Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

    Билік 6 Iyun 2023 4511

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 6 маусым күін Самарқанд қаласында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады.

    Өзбекстан мен Халықаралық валюта қорының көп қырлы ынтымақтастығын одан әрі дамыту, соның ішінде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ақша-несие саласындағы реформалар және фискалдық саясатты жетілдіру сияқты басым бағыттар бойынша мәселелер талқыланды.

    Кейінгі жылдары ХВҚ-мен ынтымақтастық айтарлықтай жанданғаны атап өтілді. Осы кезеңде қордың 70-тен астам миссиясы Өзбекстанда болды, сараптамалық-техникалық қамтамасыз ету кеңейіп келеді.

    ХВҚ басшысы Кристалина Георгиева Жаңа Өзбекстандағы артқа қайтпайтын реформалар бағдарламасын толық қолдап, оны жүзеге асыруға алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

    Сондай-ақ жаһандық экономика мен тұрақты дамуға қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

    Осымен Өзбекстан Президентінің Самарқандқа сапары аяқталып, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates