Сапар бағдарламасына сәйкес Самарқанд қаласында жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өтеді.

Кездесуде екі ел арасындағы достық пен жан-жақты стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, көпқырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.

Әдеттегідей, ынтымақтастықтың практикалық аспектілері, ең алдымен, сауда, инвестициялар, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік, инновациялар, «жасыл» және цифрлық экономикадағы бірлескен жобалар, денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларындағы бағдарламаларды ілгерілету мәселелері басты назарда болады.

Өзбекстан мен Қытай басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Кездесу соңында Бірлескен мәлімдемеге және бірқатар маңызды келісімдерге қол қою көзделген.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 15-16 қыркүйек күндері Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшыларының кезекті отырысы аясындағы іс-шараларға қатысады.