Ертең республика аумағының үлкен  бөлігінде жауын-шашын болмайды, тек солтүстік аумақтарға Каспий теңізінен ылғалды ауа массалары кіріп келеді, осыған байланысты кешке қарай Қарақалпақстан мен Хорезм облысында аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 2°С-3°С жылы, күндіз 14-17°С жылы болады.

Жексенбі күні көптеген облыстарда жаңбыр жауады. Таулы аумақтарда жауын-шашын кей жерлерде қатты болады. Республиканың солтүстігінде таңертең біраз жаңбыр жауу тоқтайды. Ауа температурасы түнде 0-5°С шамасында, күндіз 8-13°С шамасында болады.

Еліміздің кей жерлерінде тұман  түсуі күтіледі, деп хабарлайды Өзбекстан гидрометеорологиялық қызметінің орталығы.